KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886453
2019 жылы:  20168
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.03.2016
   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Жас Алаш» газетінің 95 жылдығына орай «Ұлтымызды ұйытқан «Жас Алаш» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
 
   "Жас Алаш" газетінің ғасырға жуық тарихы 1921жылдан бастау алады. Газеттің бастауында Түркістан Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің мүшесі, жас әрі белсенді Ғани Мұратбаев тұрды. Бірақ жарты жылдан кейін басылым жабылды. Алашордалықтардың көзқарастары Кеңес үкіметінінің көзқарасымен қарама-қайшы болды. Олардың көпшілігі өлім жазасына кесілді. Араға алты жыл салып, газет "Лениншіл жас" - "Молодые ленинцы" деген атаумен шыға бастады. Бұл басылымның журналистерін өткір стильді мақалалары үшін әділетсіздік пен зорлық-зомбылық пен күрескерлері деп атаған.
   Қазақ қоғамымен бірге газет бірнеше режимді өткерді: араб, латын графикасымен және кириллицада  шықты. Бұл басылымда белгілі журналистер мен жазушылардың бүтін бір шоғыры өсті. Атақты редакторлар бірінен соң бірі ауысты. Кеңестік Одағында «Лениншіл жас» газетінде Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердібеков жұмыс істеді. Газет алғашқы басылымынан бастап қазақ жастарын тәрбиелеуде баға жетпес рөл атқарды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары газет өзінің бастапқы "Жас Алаш" атауын қайтарып, өзгеше мәнге ие болды және мүлдем басқа идеологиялар енгізді. Журналистер мен редакторлардың жаңа шоғыры пайда болды, олар үшін "Жас Алаш" газеті заманауи қазақ журналистикасының мектебі болды, олар: Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлзат Нұрмолдақызы, Жұлдыз Әбділда, Ержан Әбдіраман және тағы басқалары.
   2000 жылы «Жас Алаш» жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, тағы басқа қосымшалары бар. Газет республика мен әлемде болып жатқан қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды жарыққа шығарады.
   «Жас Алаш» газеті жас шамасына қарамастан әлі де сұранысқа ие. "Жас Алаш" Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына таратылады, аптасына екі рет шығады. Таралымы 50000-нан астам дана, бүгінде газеттің 40 мың жазылушылары бар. Бұл  республикадағы ең ірі басылымдардың бірі."Жас Алаш" беттері өткір және көкейкесті тақырыптарды көтеруді жалғастыруда. "Жас Алаштың" беттері жаңалықтар мен пайдалы істерге айқара ашық. Мұнда ұлттың ғасырлық құндылықтары, жастардың жаңашылдығы мен қызығушылығы оңай үйлесіп жатыр.
 
   Көрмедегі «Жас Алаш» газетінің мерейтойлық сандарында танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылған.
 
   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование