KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886496
2019 жылы:  20211
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Наурыз көктем мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Наурыз – жыл басы және көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамы, жыл сайын 21 наурыздан бастап тойланады. Көктемнің келуі адам өмірінде ең қуанышты оқиғалардың қатарында болды. Жердің күбесі сөгіліп, диқаншының қызу тіршілігі басталатын мезгіл.
   2009 жылдың қыркүйегінде Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік  тізіміне енгізілді. 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының  64-ші сессиясында 21 наурыз «Халықаралық Навруз  күні» деп жарияланды.
   Наурыз – түркі халықтарында күн мен түннің теңелу мейрамы. Қазақстанда Наурыз – мемлекеттік мереке болып табылады және «Ұлыстың ұлы күні» деген атауға ие. Ертеректе Наурыз басталғанша адамдар өздерінің үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, ағаштар мен гүлдер отырғызған. Бұл күні адамдар мереке киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа барып, келер жылға амандық және молшылық тілеп, өзара құттықтайды.
   Дәстүрлі ұлттық тағам «Наурыз көже» әзірлейді. «Наурыз көжені» өмірдің жеті элементін білдіретін жеті түрлі тағамнан дайындайды: су, ет, май, бидай (күріш немесе тары), құрт, ірімшік және тұз. Мереке театрландырылған қойылымдармен, концерттермен, халықтық думанмен және ойындармен: көкпар, қыз қуу, суырып салма ақындардың айтысымен қыза түседі. Осы айда дүниеге келген сәбиге ырымдап «Наурыз» сөзінен туындаған есімдерді қою қалыптасқан.
   Наурыз мерекесі көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтың сүйікті мерекесі.
 
   Кітап көрмесінде Наурыз мейрамының шығу тарихы мен Қазақстан халықтарының оны мерекелеуі туралы мәліметтер қойылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование