KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886499
2019 жылы:  20214
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.03.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында қазақтың батыры, қазақ ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Исатай Таймановтың 225 жылдығына арналған «Әділетті ту еткен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Исатай Тайманов 1791 жылы Атырау облысында туған. Ол кезінде Жоңғар шапқыншылығында қаһармандық көрсеткен атақты Ағытай батырдың ұрпағы. Исатай Тайманов жас кезінен қарапайым шаруа халықтың қамы үшін ел ісіне белсене араласқан. Бұл Бөкей хандығының орнаған кезі еді.
   1812 жылы Бөкей-хан  Исатайды  Беріш руына старшина етіп тағайыңдайды. 1814 жылы 25 қазанда Орынбор шекаралық комиссиясы оны осы қызметке бекітеді. Оның қарамағына Каспий теңізі жағалауындағы тұрғындар да қарады. 1817 жылы сол  комиссия Исатайды старшина Өтеміс Құлманиязовты шаптың деген жаламен  түрмеге отырғызады. Түрмеден шығысымен, ол толықтай кедей тұрғындарының қамына біржола бет бұрады.
   Өйткені, бұл кезде бұқара халық Ресей шенеуніктері мен жергілікті төре, би-болыстардың зұлымдық пен зомбылықтарына қарсы бой көтеріп, буырқанып тұрған еді. Орынбордың генерал-губернаторы В.А.Перовский мен Жәңгір ханға езгідегі елдің ауыр халін айтып хат жазады. Оған жөнді жауап ала алмай, айтқан арызы өтпеген соң ер Исатай егеулі найзасын қолға алып, садағына сар жебені салдырып, қалың халықты соңына ертіп, көтеріліске шығады.
   1836 жылы Каспийдін солтүстік-шығыс бөлігіндегі халықты көтеріліске шақырады. 1837 жылы бұл қозғалысқа көрші ауылдар да келіп қосылады. Осылай Исатай қалың бұқараның қамы үшін толқыған халық толқынын бастайды. Бұл азаттық қозғалыс әуелі хандықтың Каспий жағалауына ентелей жатқан оңтүстік аудандарын қамтиды.
Каспий жағалауы, яғни атақты Тұран ойпатының бұл мекендері отты жер, шалғынды мал жайлымы еді. Бірақ бұлардың бәрін дерлік Ресейден жер аударылып келгендер келімсектер мен жергілікті бай-шонжарлар жайлап жататын. Қарапайым халық қоныстанатын шұрайлы жерлер де қалмаған. Осы әділетсіздік пен теңсіздікке төзбеген халықтың ашу-ызасы асып-төгіліп, ақыры көтеріліске ұласты. Көтерілістің көш басында Исатай Тайманов тұрды. Исатайға көтерілісте ой тастаушы көсем, белгілі батыр, ақын Махамбет Өтемісов қосылды.
   1837 - 1938 жж. Ақбұлақ пен Қиыл өзен аралық аудандарында саны жағынан басым подполковник А. Гекке басқарған жазалаушы топпен көтерілісшілер ұрысқа кірісті және шыдамдылықпен жеңіліске ұшырады.
   Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл өзенінің жағасында жаудың қоршауында қалып, қаза тапты.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кіпхана қорынан, әдебиеттерде жарияланған аты аңызға айналған, айбынды батыр Исатай Таймановтың өмірі мен ұлы ерлігі жайындағы шығармалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование