KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886551
2019 жылы:  20266
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2016
   2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғылыми-әдістемелік қызметтің бастамасымен және ұйымдастыруымен онлайн-конференция өтті.
 
   Онлайн-конференцияны Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Әзіретбергенова Эльмира Жарылқасынқызы жүргізді.
 
   Онлайн-конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова, Алматы облыстық әмбебап кітапханасының, Іле аудандық кітапханасының, В.Маяковский атындағы Қалалық орталық кітапханасының, Қарасай аудандық кітапханасының мамандары мен Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері қатысып, кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселері бойынша пікір алмасты.
 
   Сонымен қатар, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Қ.Бекпулатова бөлім қызметкерлері құрастырған каталогтар мен сілтемелер, қазақ кітаптарының тарихы мен кітаптану төңірегінде ғылыми зерттеулер туралы, қорды құрайтын 30 мыңға жуық сирек кітаптар мен қолжазбалардың түпнұсқасы және түпнұсқадан алынған көшірмелерді, сақтау, іріктеу, өңдеу және оқырмандарға қызмет көрсету секілді кешенді жұмыстары туралы кеңінен баяндап берді.
 
   Онлайн-конференция барысында кітапханашыларды толғандырған бірқатар мәселелер көтерілді.
 
  
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование