KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060316
2019 жылы:  125851
бүгiн:  135
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.03.2016
   2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғылыми-әдістемелік қызметтің бастамасымен және ұйымдастыруымен онлайн-конференция өтті.
 
   Онлайн-конференцияны Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Әзіретбергенова Эльмира Жарылқасынқызы жүргізді.
 
  Конференцияға Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары мен Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері қатысты.
 
   Конференция барысында Кітап қорын толықтыру қызметінің топ жетекшісі И.К.Тайбергенова қорды толықтырудың тақырыптық-құрылымдық  үлгісін жасау, ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру, баспа басылымдарының міндетті даналары, кітапты сатып алу, сыйға алу, кітап алмасу, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар секілді қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу, кітапханаға түскен басылымдарды Web-Рабис бағдарламасының «Қорды толықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу және құжаттарды есептен шығару үдерістеріне кеңінен тоқталып, таратып айтып берді.
 
   Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тарапынан қойылған құжаттарды қалпына келтіру, жаңа Web-Рабис бағдарламасына қатысты сұрақтарға Ұлттық кітапхананың Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сәрсенбаева, Компьютерлік және жүйелік қамтамасыз ету қызметінің топ жетекшісі Е.Б. Сапарғалиев жауап берді.
 
  
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование