KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060342
2019 жылы:  125877
бүгiн:  161
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.03.2016
   2016 жылғы 30 наурызда Әлем әдебиеті қызметінің оқу залының Түркия кітап бұрышында Қазақстандағы Түрік әдебиетінің апталығы аясында «Түрік поэзиясы» әдебиет кеші өтті.
   Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Түрксой кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
   Іс-шараның мақсаты - түрік мәдениетінің, әдебиеті мен поэзиясының ерекшелігін және көптүрлілігін ашу.
   ҚР Ұлттық кітапханасының Түркия кітап бұрышы 2007 жылы Түркия мемлекетінің Елшілігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасындағы Келісім негізінде ашылған. Түрік кітап бұрышының жұмыс бағыттары: оқырмандарға Түркияның тарихы, ғылымы және мәдениетінің дамуы мемлекеттік құрылымы, бизнесі туралы қазақ және түрік тілдеріндегі әдебиеттерді ұсыну, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, кітаптардың тұсаукесерлері және басқа  да Түркияның мәдениеті мен әдебиетіне байланысты көпшілік іс-шараларды өткізу. Онда түрік тіліндегі кітаптардан басқа, электронды оқулықтар мен сөздіктерге ашық қолжетімділік бар. Бұл жерде барлық білім салалары бойынша өзекті әдебиеттер ұсынылған. Бүгінде кітап бұрышының қоры 4600-ден астам дананы құрайды.

   Кешті  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова А.Х. ашты.
   Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Түрксой кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә.Тұрғанбаев жүргізді.
   Жыр кешінде белгілі  қазақстандық жазушылар және ақындар сөз сөйледі: Исраил Сапарбай, Ахмет Аляз, Бауржан Жақып, Әлібек Шегебай, Шаяхмет Жүргенов, Серік Нұғыман, Саят Қамшыгер, Мархабат Шойбекова және. т б.
   Іс-шарада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерінің орындауында түрік ақындардың түрік  және қазақ тілдерінде өлеңдері оқылды.
   Кеш қатысушылары: «Түрік поэзиясы» жинағының ақын-аудармашылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның мұғалімдері, Алматы қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері мен кітапханашылар.
 
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың қорынан белгілі қазақстандық, түркиялық ақындардың қазақ, түрік және орыс тілдеріндегі шығармалары ұсынылды.
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование