KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886510
2019 жылы:  20225
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.04.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Василий Федорович Ванюшиннің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Василий Ванюшин 1916 жылы 30 наурызда Тверь облысы Весьегон ауданының Вауч селосында (Ресей) туған. 1936 жылы Весьегон аудандық комсомол комитеті оны Калинин партиялық-газет мектебіне жіберді. 1938 жылы партиялық газет мектебін бітіріп, аудандық «Колхозный призыв» газетінің редакциясында жұмыс істейді.
   Осы жылдары жазушының бірінші жарияланымдары: өлеңдері, очерктері, фельетондары жарық көреді. Он жылға жуық Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысы уақытында 238-ші атқыштар дивизиясында Тульск облысының Алексин қаласы үшін шайқасқа, сондай-ақ Мәскеу маңындағы күзгі-қысқы шайқастарға қатысады.
   В.Ванюшиннің шығармашылығындағы басты тақырып − әскери проза, қызықты шығармалар және ғылыми-фантастикалық жанрлар. Ол өзі бір беткейлігімен барлық әскери оқиғаларға қатысты, жазушы өз еңбегінде ерлікті, батырлықты, патриотизмді жазады.
   Майдандастарының қаhармандық ерлігі туралы очерктері 1942 жылы «Московский большевик» баспасында «Под  знаменем гвардейским» деген атпен жеке кітап болып шықты. 1947 жылы соғыстан кейін В.Ванюшин Қызылорда облыстық «Ленинский путь» газетінің редакторы болып тағайындалды. 1951 жылы Алматы қаласына ауысып, редакциялық жұмысын жалғастырды. 1952 жылы «Точка опора» атты романын жазып, нағыз кәсіби әдебиетші атанды.
   «Волчий глаз» (1957), «Старое русло» (1958), «Железный комбат» (1958) атты әскери әңгімелер жинағы, «От августа до мая» (1966) майдангер тілшінің естелігі, «Жизнью обязаны» (1966) романы, «Ветка тамариска» (1977) повесі және т.б. көптеген шығармаларымен танымал болды. Ол екі ғылыми-фантастикалық романның авторы «Вторая жизнь» (1960) және «Желтое яблоко» (1962). «Черемуховый берег» повесі Бор ауылының өмірі, Горка ауылындағы Рыбинский су қоймасындағы су тасқыны жайлы айтылған.
   Ол белгілі қазақ жазушылары Н.Ғабдуллиннің «Жаңа таныстар», З.Шашкиннің «Семиречье в огне» романын және С.Дөнентаевтың шығармаларын орыс тіліне аударған.    
   В.Ф.Ванюшин 1976 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
   I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы В.Ф Ванюшиннің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование