KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886552
2019 жылы:  20267
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.04.2016

   2016 жылғы 6 сәуірде Көрмелер залында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Ә. Атығаевтың «Қазақ хандығы тарих толқынында» кітабының тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

   Кітап былтыр елімізде құрылуының 550 жылдығы аталып өткен қазақ халқының ортағасырлық ұлттық мемлекеті – Қазақ хандығының тарихына арналған. Басылымның рецензенттері Қазақстанның белгілі ғалымдары – ҰҒА академигі, профессор Б.Е. Көмеков және тарих ғылымдарының кандидаты А.И. Исин.
   Бес бөлімнен тұратын еңбекте қазақ даласында XV-XVII ғғ. салтанат құрған Қазақ хандығы тарихының түрлі ғылыми мәселелері қарастырылады. Бірінші бөлім Қазақ хандығы бойынша дерек көздерді зерттеуге, екінші бөлім хандықтың саяси тарихы мен зерттеу методологиясына, үшінші бөлім қазақ мемлекетін басқарған тарихи тұлғаларға, төртінші бөлім Қазақ хандығының әлемдік тарихтағы үдерістегі рөліне арналған, соңғы бөлімде автордың ғылыми рецензиялары берілген.
   Басылым кәсіби тарихшылар мен ортағасырлық Қазақстан тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік қауымға арналған.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар кіріспе сөзбен ашты.
   Тұсаукесерді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М.Әбжанов жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: М.Ахет, Б.Көмеков, Т.Омарбеков, Н.Әлімбай, С.Есенжолова, М.Қазыбек.
   Автор жаңа басылымын қатысушыларға қолтаңбасымен сыйға тартты.
 
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, белгілі тарихшылар, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование