KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886474
2019 жылы:  20189
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.03.2016

   2016 жылғы 30 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында «Павел Мариковскийдің «Воспоминания натуралиста, зоолога, писателя – автограф эпохи» жаңа кітабы»  атты дөңгелек үстел  өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Ұлттық кітапханасы.

   Бүкіл өмірі мен шығрмашылығын Қазақстанның табиғатын зерттеу мен қорғауға арнаған, аты әлемге әйгілі белгілі қазақстандық ғалым және жазушы, философ, суретші Павел Иустинович Мариковскийдің «Воспоминания  натуралиста, зоолога, писателя – автограф эпохи» кітабы  - өткен ғасырдың басында дүниеге келген және жиырма бірінші ғасырға аттаған, адамзатқа баға жетпес мұра қалдырған адамның бірегей өмір шежіресі болып табылады. Кітап беттерінде Қиыр Шығыстан, Сібір мен Маньчжуриядан Өзбекстан мен Қазақстанға дейін созылып жатқан, 1912 жылдан 2002 жылдардағы сипатталған оқиғалар арқылы, оқырман автормен бірге тек бір ғана отбасының ғана емес, үлкен бір елдің тарихи қиын кезеңдерін басынан кешіреді, адамзаттың әлем туралы түсінігіне әсер ете алған тұлғаның қалыптасуы құпияларын ұғынады.
   1964 жылдан бастап КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, 90-нан аса кітабын жариялаған және оларды өзінің ерекше графикасымен көркемдеген П.И.Мариковский балаларға арналған ғылыми-танымал және көркем кітаптардың  тұтас бір  кітапханасын жасады, 500-ден астам тамаша суреттер мен бір жарым мыңнан астам петроглифпен безендірілген тастарды жасады.
   ТМД елдерінің ғалымдары ішінде, Павел Мариковский алғашқы болып, «Бүкіләлемдік географиялық қоғамның» Орта-Азиялық филиалымен әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін «Полярная звезда» медалімен марапатталды.
   Басылым  автордың өз қолымен сақтауға тапсырған қолжазбасы 2002 жылдан бері сақталып келген ҚР Президентінің Мұрағатымен бірлесіп шығарылды.
   Дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан - П.Мариковскийдің кітаптары мен ол туралы жарияланымдардың көрмесі, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағатынан – П.Мариковскийдің жеке қорынан бірегей көрме; П.Мариковскийдің картиналарының көрмесі; П.Мариковский туралы «Неутомленный солнцем» деректі фильмі (Мұрат Әуезовтің жобасы бойынша) ұсынылды.
   Модераторы – жобаның жетекшісі, кітаптың алғысөзінің авторы, Қазақстан Жазушылар одағының Орыс әдебиеті жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары – Римма Артемьева.

   Сөз сөйлегендер: Гуляйхан Сарсенова - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағатының директоры; Бахытжан Дюсембеков – Өсімдікті қорғау және карантин институты бас директорының орынбасары; Елена Останина – Ресей Мемлекеттік қызметшілер Академиясы жанындағы «Өркениеттік стратегиялар» методологиялық орталығының сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасы жанындағы «Аналитика» қауымдастығының мүшесі;  Камилла Ли – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Көркем мұражайының Ғылыми сарапатама орталығының жетекшісі; Нәзира Дүйсенбаева – Қазақстандық ғылым тарихы мұражайының директоры.

   Қатысушылар: белгілі жазушылар, ғалымдар, мұрағатшылар, өнертанушылар, суретшілер және т.б.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование