KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886483
2019 жылы:  20198
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.04.2016

   2016 жылғы 8 сәуір, сағат 11.00-де Көрмелер залында «Тәуелсіздік тағылымы» атты жоба жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.

   «Тәуелсіздік тағылымы» (Избранное из истории Независимости) жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған. Бас демеушісі АҚ «Bank RBK», «Қазақстан» РТРК бас ақпараттық серіктестігі.

   «Тәуелсіздік тағылымы» 4 шарадан тұрады:

1. «Елдің мақтаныштары» («Гордость страны») фотокөрмесі. Көрмеде «Халық қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалардың, олимпиада чемпиондары, мәдениет, экономика салаларында жүлделерге ие болғандардың фотосуреттері ұсынылады. 

2.  «Turkestan - 2016» Халықаралық фотоэкспедициясы.
Шара жыл сайын ұйымдастырылатын казақстандық фотошеберлер мен шетелдік әріптестердің фотоэкспедицияларының жалғасы болмақ. Фотоэкспедиция мақсаты – тарихи ескерткіштерді, ұлттық дәстүрлер мен аталмыш аймақты фото және видеоға түсіру.

3. «Менің Елім – Қазақстан» (Моя Родина – Казахстан) фотобайқауы.
Фотобайқаудың тақырыбы еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштері, мәдени жерлері, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне арналады. Байқауға Қазақстан Республикасының жас ерекшеліктеріне қарамай барлық азаматтары қатыса алады.

4. «Тәуелсіздік тағылымы – 25» («Избранное из истории Независимости-25») фотокөрмесі – жылдың қорытынды және басты шарасы. Фотокөрмеде Қазақстанның ең үздік фотожурналистері ұсынатын 125 фотожұмыстар мен «Менің Елім - Қазақстан» (Моя Родина – Казахстан) фотокөрмесінде жеңімпаз ретінде танылған фотографиялар көрсетіледі.

   Іс-шараны «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің президентінің кеңесшісі Мәлік Күшмұханов жүргізді.

   Іс-шара барысында «Фотосын» байқауының жеңімпазы Бақытхан Әсетұлы «Фотошебер-2015» дипломымен марапатталды.

   Сөз сөйлегендер: «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің президенті Асылхан Әбдірайым, қазақ фотожурналистикасының ардагері Нұрманбет Қизатов.

   Қатысушылар: БАҚ өкілдері.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование