Әлем әдебиетінің оқу залында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Білім жылына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шешімімен 2016 жыл Білім жылы болып жарияланды. «2016 жыл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Білім жылы» жобасының іске асуы гуманитарлық байланыстардың әрі қарай дамуына, білім беру стандарттарын жақындатуға, ТМД кеңістігіндегі академиялық тұрақтылыққа ықпал етеді. Бүгін ТМД – бұл барлық аумақтағы интеграция мен бірлестікке бағытталған шынайы және тұрақты қозғалыс. Нақты осы себеппен, экономикалық бірлестіктен кейін, ТМД үшін 2006 жылы 16 қарашада қабылданған модельдік білім кодексі мәселелері: білім айналасындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің өзара әрекеттестігі мәселелері, сол сияқты құқықтық және ақпараттық дерек қорының нығаюы, серіктес елдердегі ұлттық тілдердің оқытылуын қолдау, мектеп білімінің сапасын арттыру, академиялық мобильдік жүйені дамыту, ең үздік ұлттық дәстүрлер және тәжірибелермен білім саласындағы бірлестікті кеңейту, сонымен қатар әлемдік тәжірибеде бекітілген ұстаныммен ықпалдылық бірінші орынға қойылған. Тарихи қалыптасқан тығыз байланыстар, қатысушы мемлекеттердің рухани байлықтарының өзара жақындасуын, білім, мәдениет және ғылым алмасу, ТМД қатысушы мемлекеттерінің өзара әрекеттестігінің осы салалардағы білім серіктестігінің маңыздылығын болжайды, достастық кеңістігінде интеграциялық үдерістер басымдылық алады. Елдердің бірлескен оқу орындары дамуда, оның ішінде Қазақстан–Ресей медициналық университеті, Қазақ-Орыс халықаралық университеті, Ресей жоғарғы оқу орындары филиалдарының ашылуы: Астанадағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы (ММУ ҚФ), Санкт-Петербургтың гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматыдағы филиалы (СПбГКУ), Челябинск мемлекеттік университеті (Қостанай қ.). Жыл сайын, 2003-ші жылдан бастап, РФ үкіметі тарапынан Ресей жоғарғы оқу орындарында және Ресей Ғылым академиясының ғылыми мекемелерінде Қазақстан азаматтарының білім алуына федералдық бюджет есебінен квота бөлінеді.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қазақ, орыс және шет тілдеріндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Көрме білім жүйесіндегі ақпараттық технологиялар, оқу үдерісін басқарудағы ақпараттық-компьютерлік технологиялар, қашықтықтан басқару, білім мекемелері және қашықтықтан білім алуды ұйымдастыру, ғылыми бағыттар, жоғарғы білім сапасының мониторингі, оқу үдерісін техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу және әдістемелік материалдар, іскерлік, дамытушылық және танымдық әдебиет тақырыптарын қамтиды.
|