KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060439
2019 жылы:  125974
бүгiн:  258
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.04.2016

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы Наурыз 2016 мерекесін атап өтті. Көктем мерекесі елімізде биылғы аталып өтілетін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сондай-ақ Алматы қаласының 1000 жылдығы мерекелерінің аясында өткізілді.

   Этно-Ауыл сауық алаңында мерекелік безендірілген «Алтыбақан» орнатылды, спорттық жарыстар өтетін орын әзірленіп, дәстүрлі ұлттық тағамдар: бауырсақ, наурыз көже, шұбат және палау қойылған мерекелік дастархан жайылды.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ә.Асқар және шақырылған қонақтар мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
   Қызметкерлер қазақтың ұлттық дәстүр-салттарына негізделген музыкалық-театрландырылған қойылымдарды ұсыну үшін бірнеше ауылға бөлінді. Ақпараттық ресурстар қызметі көрермендерге қазақтың ежелгі дәстүрлі «Қыз қуу» ойынын, «Құда түсу» жоралғыларын көрсетті, ұзатылған қыздың орындауында «Сыңсу» айтылды.
   Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметі әзіл өлеңдер мен мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, «Қалта ақтарар» дәстүрін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді. Өсиет пен бата-тілектен тұратын «Беташар» айтып, «Келін түсіру» салтын өткізді.
   Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету бөлімі «Тұсау кесу» салтын көрсетті. Бұл салтты көрсету барысында, баланың келешек жолы осылай ақ әрі жарқын болсын деген ниетпен жерге ақ мата жайылды. Директор Ә.Асқар мен директордың бірінші орынбасары Б.К.Оспанова ұлағатты сөздер мен тілектерін айтып, ала жіппен сәбидің тұсауын кесті.
   «Қазақстан кітаптары» қызметі өмірге келген нәрестеге қатысты «Шілдехана», «Бесікке салу», «Бесік той» сияқты салт-дәстүрлермен таныстырды.
   Бұдан бөлек, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ, қол күрестіру және гір көтеру бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

   Көңілдерге көктемнің жайма-шуақ жылылығы мен шаттық сыйлаған осынау думанды мерекені, барлық қатысушылар орындаған «Қара жорға» биі одан әрі қыздыра түсті.

  

  

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование