KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886517
2019 жылы:  20232
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2016

   2016 жылғы 12 сәуір, сағат 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел мақтаныштары» («Гордость страны») атты Фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «ФОТОӨНЕР» Қоғамдық бірлестігі. Фотокөрменің бас демеушісі «Bank «RBK» АҚ, бас ақпарат серіктесі «Қазақстан» ҰТРК.

   Жоба мақсаты - болашақ ұрпаққа арнап, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма бес жыл ішінде орын алған мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалар туралы фотошежіре құру.

   Көрмеде «Халық қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалардың, олимпиада чемпиондары, мәдениет пен экономика салаларындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерінің фотосуреттері қойылды. Көрменің ерекшелігі - аталмыш фотосуреттер бұрын соңды жарияланбаған және фотокөрмеде алғаш жарық көрді.

   Көрме екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезені - 12 мен 22 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша «Тәуелсіздіктің бесігі» болып табылатын Алматы қаласында өтеді. Одан кейін, 28 сәуір күні фотокөрме есігін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық мұражайында айқара ашады. Ол 10 мамырға дейін созылады.
   «Ел мақтаныштары» («Гордость страны») фотокөрмесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» (Избранное из истории Независимости) ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар ашты.
   Сөз сөйлегендер: А.Әбдірайым, М.Жақыбаева, Б.Өмірбек, Ж.Әубәкірова.
Жобаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, Астана, Алматы қалаларының, Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен қолдау көрсетілді. Өткізілу мерзімі: 2016 жылдың сәуір айынан-желтоқсан айына дейін.

   Жобаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, Астана, Алматы қалаларының, Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен қолдау көрсетілді. Өткізілу мерзімі: 2016 жылдың сәуір айынан-желтоқсан айына дейін.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование