KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886463
2019 жылы:  20178
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.04.2016

   2016 жылғы 13 сәуірде Көрмелер залында Мүфтияттың 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялауына орай дөңгелек үстел және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жақында жарыққа шыққан «Дәстүрлі ИСЛАМ жауһарлары» атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   Дөңгелек үстел барысында еліміздегі қазіргі діни ахуал, «Дін және тарих тағылымы» жылында атқарылатын іс-шаралар баяндалып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы зиялы қауым өкілдерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.
   Кітапта X-XVII ғғ. аралығындағы ҚараҺандықтар, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлерінде жазылған діни-танымдық, діни-сопылық, діни-канондық және діни-ғибраттық туындылардың озық үлгілері жинақталған.
   Кітап – дінтанушыларға, гуманитарлық сала мамандарына, студенттер мен зерттеушілерге, иман байлығын барлық құндылықтан биік санайтын барша оқырман қауымға арналады.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар ашып, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының найб мүфтиі – Серікбай қажы Ораз жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Е.Малғажыұлы, Ж.Әшімжан, У.Қалижан, Х.Әбжанов, Ө.Айтбайұлы, А.Ісмахова, И.Сапарбай,У.Қыдырханұлы.
   Қонақтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесін және «Ел мақтаныштары» фотокөрмені, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығына арналған көрмелерді тамашалады.

   Іс-шараға: ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, ҚР Жазушылар одағының өкілдері, ғылыми институттардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қазақ басылымдарының бас редакторлары, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, т.б. тұлғалар қатысты.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование