KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060348
2019 жылы:  125883
бүгiн:  167
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.04.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі жазушы, ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтың 70 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен-ай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. Медициналық училищені, кейін 1971 ж. Алматы қаласындағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады.
   1960-1970 жж. қазақ лирикасын зерттеумен айналысты. 1993 ж. «60-70 жылдардағы қазақ лирикасы. Көркемдік ізденістер» тақырыбында диссертация корғады. 1970-1974 жж. «Казахстан» баспасында, 1974-1989 жж. − «Жұлдыз» журналында поэзия, сын және библиография, өнер және ғылым бөлімінің жетекшісі, 1989-1999 жж. – М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, 1999-2004 жж. – "Ақиқат" журналында бөлім бастығы болып қызмет атқарды. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.
   1974 ж. ақынның "Балдәурен" тұңғыш өлеңдер жинағы жарияланды. "Сағынышым теңіз" таңдамалы шығармалары (1995), "Қос қанат" өлеңдер жинағы (2004), 2 томдық таңдамалы өлеңдері (2006), "Шөл даланың ұлымын" (2008), "Айналдым сенен, Атамекен-ай" (2011) және т. б жарияланды. Мәскеу, Ленинград, Душанбе, Тбилиси, Ташкент және т. б. қалаларында өткен жас ақындар фестивальдарының лауреаты.
   Ш. Сариевтің шығармалары бай әдеби тілімен, терең ойлылығымен, дәлділігімен, бейнелілігімен ерекшеленеді. Ол 300-ден астам танымал әндердің мәтіндерінің авторы, атап айтсақ, "Айналдым сенен, Атамекен-ай", "Қарағым-ай", "Сәлем саған туған ел", "Домбыра", "Сарыарқа", "Қазағымның күйлері-ай" және т.б. Монографиялар, сыни мақалалар, "Тамаша" - ойын-сауық бағдарламасына арналған интермедиялардың авторы. Ақын шығармалары орыс, украин, поляк тілдеріне, ал "Теңізден соққан жел" өлеңдер жинағы хинди тіліне аударылған. М. Эминеску, Г. Гулиа, О. Бергтольц, А. Дементьев, Р. Рождественский және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.   
   Ш. Сариев Ф.Кафка атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты (2002). «Платиновый Тарлан» (2004) және «Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлықтарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2006).

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Шөмішбай Сариевтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование