KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886460
2019 жылы:  20175
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2016

   2016 жылғы 15 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапармен келді.

   Сапар барысында Мемлекет хатшысымен бірге Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиев еріп жүрді.

   Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Ұлттық кітапхананың тарихымен, қызметі мен қазіргі жағдайымен, кітапханадағы жаңа технологиялармен, Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясына сәйкес кітапхананың даму перспективасымен танысты.
   Кітапхананы аралап, «Қазақстан кітаптары» оқу залы мен қолжетімді ашық қорлармен, «Мәдени мұра», «Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорларымен танысты.
   Сондай-ақ, Ұлттық кітап қорын кең көлемде цифрлау мақсатында ашылған, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған Құжаттарды цифрлау орталығының жұмысымен, Ұлттық кітапхананың мамандары жасаған отандық бағдарламалық өнім - Web-РАБИС Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйемен, электронды каталогтар және дерекқорлармен танысты.
   Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған кең ауқымды кітап көрмесін (тәуелсіз еліміз дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын 5 мыңнан астам басылым ұсынылған) биылғы жылы ЮНЕСКО аясында атап өтілетін Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған көрмесін және еліміздің ұлттық құндылықтары болып табылатын аса құнды басылымдарды қамтитын Сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмесін тамашалады.
   Кітапханамен танысу барысында Ұлттық кітапхананың өзекті мәселелері де көтерілді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование