KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886454
2019 жылы:  20169
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.04.2016

   Құрметті әріптестер!

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Каталогизатор мектебі қысқа мерзімді курсқа тыңдаушылар қабылдайтынын хабарлайды (біліктілікті көтеру).
   Дәрістік және тәжірибелік сабақтардың курсы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі кітапханалардың, жоғарғы оқу орындары кітапханаларының, мұражай, мұрағат, баспа және басқа да ұйымдардың машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын мамандарына арналған.
   Негізгі мақсаты – тыңдаушыларды нақты құжат түрлері – кітаптарды, ноталарды, картографиялық, бейнелеу материалдарын, электрондық ресурстарды және т.б. каталогтаудың негізгі ережелерімен және жалпы қағидаларымен таныстыру. Тыңдаушылар библиографиялық және авторитеттік жазбаларды жасау ережелерін реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық құжаттармен танысатын болады.
   Сабақтар жұмыс тәжірибесі бар каталогизатор мамандарға, сондай-ақ, жаңадан үйренуші мамандарға есептелген.
   Тәжірибелік сабақтар ҚР Ұлттық кітапханасында жасалған Web-РАБИС жаңа республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесінің «Каталогизатор» модулінде жүргізіледі.
   Оқуды ҚР Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар қызметінің және Ұлттық библиография қызметінің жетекші мамандары жүргізеді.
   Каталогизатор мектебінде оқу тегін. Іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

   Байланыстар: +7 (727) 267-28-76;
   e-mail: org@nlrk.kz; nlrk@mail.ru;
   niskalieva@nlrk.kz; iskalievanuria@mail.ru

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование