KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886544
2019 жылы:  20259
бүгiн:  1
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.04.2016

   2016 жылғы 22 сәуірде Көрмелер залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, ҰҚК-нің запастағы полковнигі, жазушы К.Омаровтың «Последняя охота: рассказы. Реки начинаются с ручьев: роман-фэнтази и рассказы», «Загадочная Бухтарма», «Обреченные» атты үш кітабының тұсаукесері өтті.

   «Последняя охота» шығармасының авторы өзінің әкесі жайлы әңгімелей отырып, интуитивті түрде, оқшауланған таудағы қарт күзетшінің естеліктерін жеткізді. Қарбалас өмірден демалып, жақсылап аң аулаймын деген ниетпен келген қарт адам, өмірдің барлық құндылықтарын қайта ой елегінен өткізеді. Ол мәңгілік табалдырығында тұрып, ол кенеттен әлемде бұл өмірден асқан ешнәрсе жоқ екенін және оны біреуден жай аңшылық құмарлықпен тартып алу – қылмыс екенін түсінеді.
   Туған өлкесінің ерекше сұлу табиғаты мен адамдарының мықты рухы туралы «Реки начинаются с ручьев» романы жазылды. Ол көшпенділердің өмірі, аймақтың ең оқшауланған жері, қазіргі Катон-Қарағай ауданы орналасқан аумақты игеру туралы әңгімеледі.
   Автор кәсіби жазушылардың қатарына жатпайды, ол тарихшы да, аймақтанушы да емес. Оның баяндаған әңгімелері өзінің туған өлкесін және ол жерде өмір сүретін адамдарды, олардың  ұлтына және әлеуметтік деңгейіне қарамастан сүйетін адамның еркін қиялынан туындаған шығармалар қатарына жатады.
   Өзінің әңгімелері арқылы автордың көздеген басты мақсаты – түрлі ұлт өкілдері арасындағы ауызбіршілік, өзара сыйластық, жалпы мүдделерді бірге қорғау – бақытты өмірдің және халықтың өсіп-өркендеуінің кілті.
   «Загадочная Бухтарма» - бұл 1916-1920 жылдардағы Катон-Қарағайлық адамдардың тарихы. Кеңес билігі, оған қарсы тұру.
   «Обреченные» -  адамдардың ауыр тағдыры туралы әңгіме. Бірінші Дүниежүзілік соғыс. Екі ғашық туралы тарих. Олар бақытсыз өмірден қашу мақсатымен, Тараз қаласынан өзге бір ислам еліне кетпек болады, бірақ оның соңы қайғылы аяқталады.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: А.Ашири, М.Махамбетов, Б.Нұралин және т.б.

   Қатысушылар: жазушылар, ақындар, жоғарғы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование