KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886511
2019 жылы:  20226
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2016

   2016 жылғы 20 сәуірде Көрмелер залында Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығының мәдени өкілдігі бірлесіп «Сағди Ширази-парсы-тәжік поэзиясының классигі» атты әдеби кеш өткізді.

   Сағди (нағыз аты – Абу Мухаммад Муслих ад-Дин ибн Абд Аллах Саади Ширази) – парсы-тәжік әдебиетінің классигі. «Саади» лақап аты атабек Хамит Саада ибн Занги (1195-1226) есімінен шыққан, оған ақынның әкесінің де үлесі бар. Саада ибн Занги Муслих ад-Диннің қамқорлығымен Бағдат қаласындағы «Низамия» медресесіне түседі. Бағдаттағы "Низамия" жоғарғы рухани академиясында оқыды. Алайда, Саадидің сол кезде жазған өлеңдері жасөспірімнің өмірге деген махаббаты мен қуаныштарына толы болды; егде жасында шейх Абуль-Фараджа Джузиидің нанымдары оның музыкаға деген махаббатын өшіре алмағанын түсінді. 1230 жылдары Меккеге сапар шекті. 20 жылдан астам диуана кейпінде бүкіл мұсылман әлемін шарлады. Одан әрі  Шираз маңындағы қарапайым үй-жайда рухани тәлімгер болып, тақуалық өмір сүрген "қарияға" айналады. 

   Сағдидің шығармасының үштен екі бөлігінде лирика басымырақ. Оның негізгі еңбегі - өз ғазелдерінде сопылық ғазелдің дидактикасын махаббатық ғазелдің көркемділігімен біріктіре  алынуында. Тарджибанд –  қайырмамен жалғанған 22 махаббат ғазелінен тұратын цикл; ғазелдің төрт жинағы; «Сахиба кітабы» -  мақтау лирикалық ақыл айту мазмұнындағы өлеңдр жинағы. Қазіргі ақындарға қарағанда Сағдидың сөздері халыққа жақын болды. Оның шығармалары адамзаттың жарқын болашағына арналған. Шығыс әдебиетінің дамуы үшін Сағдидың қосқан үлесі өте зор. Сағдидің құрметіне Меркурий ғаламшарындағы кратерге, Душанбе қаласындағы даңғылға оның есімі берілді.

   Кешті  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының бірінші орынбасары Оспанова Б.Қ. ашты. Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Қыдыр Төрәлі жүргізді.

   Поэзия кешінде: Иран Ислам Республикасы елшілігі жанындағы Алматы Мәдени өкілділігінің басшысы: Мәжид Камрани, шығыстанушы ғалым  Өтеген Күмісбаев, Шаһид Беһишти университетінің профессоры, доктор Амир Чинари, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдаулет, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов және т.б. сөз сөйледі.

   Іс-шара аясында «Сағди Ширази-парсы-тәжік поэзиясының классигі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның шығармашылығы туралы парсы, иран, ағылшын, француз, орыс, қазақ тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование