KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886451
2019 жылы:  20166
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2016

   Әлем әдебиетінің оқу залында белгілі ағылшын жазушысы Шарлотта Бронтенің 200 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Шарлотта Бронте - ағылшын ақыны және романисті, 1816 жылдың 21 сәуірінде Англияда, Батыс Йоркширде ағылшын шіркеуі қызметшісінің отбасында дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, бала кезінде әкесінің қатал мінезінен көп жапа шекті. 1824 жылы әкесі Шарлотта мен үш сіңілісін діни бағаттағы балаларға арналған тегін жетімдер үйіне береді, бірақ жетімдер үйін сүзек эпидемиясы басып, бір жылдан кейін  қыздарын қайта алуға мәжбүр болады. Бала тәрбиешісі болуға мәжбүр болған Шарлотта ұзақ жылдар бойы қыздарға арналған өзінің пансионын ашуды армандаған. Аздаған қаражат жинап, ол әпкесі Эмилиямен бірге Брюссельге барады. Жақсы білім алып, француз тілін тамаша меңгеріп, қыздар Англияға қайтып оралады, бірақ өздерінің оқу орнын ашу туралы ойлары жүзеге аспады; байланыстары мен қаражаттың жоқтығы пансион ашамыз деген армандарын тұйыққа тіреді. Апалы-сіңлілі Бронтелердің педагогикалық шеберліктері де, тәжірибелері де, француз тілін білетіндері де, шетелде алған білімдері де олардың ашқан пансионын ағылшын ақсүйектеріне тартымды ете алмады.
   Шарлотта Бронтенің әдеби дарындылығы ерте байқалды, бірақ оны мойындату ұзақ әрі азапты болды. Тек 1846 жылы ол өзінің өлеңдер жинағын басып шығарды, бірақ Шарлоттаға өлеңдері емес, 1847 жылы шыққан "Джейн Эйр" романы табыс әкелді. Бұл роман бірнеше тілдерге аударылып, экранға шықты және осы күнге дейін ерекше танымалдыққа ие. Шарлотта Бронтенің 1849 жылы шыққан «Шерли» романы оқырмандар арасында аса танымалдылыққа ие болмады. Соңғы «Городок» романы 1853 жылы жарыққа шықты. Бронтенің барлық романдарының басты тақырыбы әйелдер мен ерлер арасындағы  әлеуметтік теңсіздік, сондай-ақ тәрбие мен білім берудің  өзекті мәселелерін көрсету болып табылады.
   1854 жылы Шарлотта тұрмысқа шығады. Жүкті болып жүріп, қатты суық тиген Шарлоттаның жағдайы нашарлап, ауруы асқынып, туберкулезге айналады, содан 1855 жылдың наурызында жазушы 38 жасында қайтыс болды. Өмірден өтерінің алдында Шарлотта Бронте жаңа «Эмма» романының алғашқы екі бөлімін жазды, ол «Джейн Эйр» романындай танымал болуға тиіс еді. Бір жарым ғасыр өткеннен кейін Клер Бойлен Бронтенің жұмысын аяқтап, кітап жарық көрді. Шарлоттаның қайтқанына 150 жылдан астам уақыт өтті, бірақ адамдар әлі де талантты жазушы Шарлотта Бронтенің Хауорттағы кішкентай үй-мұражайына барып тұрады. 

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан әлемнің әр түрлі тілдеріндегі жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер және оның шығармалары ұсынылған.   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование