KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060597
2019 жылы:  126132
бүгiн:  2
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.04.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 80 жасқа толуына орай «Қалың елім қазағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 25 сәуірде Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуәшек ауданында дүниеге келген (ҚХР). 1965 жылы Киров атындағы Қазақ  Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қ.Жұмаділов еңбек жолын 1965 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып бастады. 1967 жылдан «Жазушы» баспасында аға редактор, 1976-1981 жж. – Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор болып жұмыс істеген.
   1967 жылы «Жас дәурен» атты алғашқы өлеңдер жинағы, 1968 жылы – «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағы, 1969 жылы – «Көкейкесті» романы жарық көрді.
   1981 жылдан Қ.Жұмаділов шығармашылық жұмыспен айналысады. Жазушы оннан астам романның, 20 повесть және 70 әңгіменің авторы. Олар: «Саржайлау», «Арғымақтар», «Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Дарабөз» тарихи дилогиясы және т.б. Шетелде қалған қазақ ұлтының ауыр тағдыры туралы жазған жазушы шығармаларының бірі – «Тағдыр» романы.
   «Дарабоз» романында жазушы даңқты Қаракерей Қабанбайдың батырлық өмірін баяндайды, сонымен қатар көптеген белгілі тарихи тұлғалардың бейнелерін ашқан. 1998 жылы «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы жарыққа шықты. Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Жазушының шығармалары орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жарық көрген.
   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990). «Қазақстанның Халық жазушысы» (1998). «Парасат» орденімен марапатталды (2005).
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен  шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование