KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886459
2019 жылы:  20174
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.04.2016

   Өнер бөлімінің оқу залында әнші, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген және халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған «Ақсұңқар ән әлдилеп» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                                 

   Рақышев Дәнеш 1926 ж. Жаркент маңындағы Талды ауылында дүниеге келді. Ең алғаш музыкаға, әкесі Рақыш бейімдеген болатын. Рақыш - әнші, домбырашы, гармоншы болған. 1944-45 жж. ол концертпен Шығыс Түркістанның жас әртістері құрамында көптеген ауылдарды аралады. 1945 ж. Құлжа қаласындағы (ҚХР) ұйғыр-қазақ Драма театрының әртісі болып, сахнада, Әбдірахманның, (Б. Майлиннің “Шұғасында”), Жапалдың, Қалқаманның (М.Әуезовтің “Еңлік-Кебегі” мен “Қалқаман-Мамырында”), т.б. сахналық бейнелерін сомдады. 1946-49 жж. осы театрдың қазақ бөлімін басқарды. 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін, Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” кеңшарында халық театрының режиссері қызметін атқарып, осы аудандағы Көктал халық театрын құруға атсалысты. 1968 жылы Талдықорған филармониясының әншісі және осындағы Әзіл-сқақ кеші” тобының жетекшісі болды. Д.Рақышев М.Ержановтың, Ж.Елебековтің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Д.Рақышевтың репертуарында Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, сондай-ақ заманауи қазақ композиторларының да әндері бар. Д.Рақышев өзі де көптеген әндерінің авторы. Олар: “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым” және т.б.
   1976 жылы Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртісі және 1986 жылы Қазақ КСР-ның халық әртісі атақтары берілді.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан әнші, композитор Д.Рақышевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование