KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060443
2019 жылы:  125978
бүгiн:  262
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.04.2016

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстандағы Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан қорғау – азаматтық борыш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін мерекелеу, қазақстандық жауынгерлердің дәстүріне айналды. Мереке қазақстандықтардың қаһармандық ерліктері шежіресін және осы дәстүрдің Қазақстан Республикасына қызмет ету сабақтастығын бейнелейді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болып табылады. Қазақстандық әскерде қызмет ету, он сегізге толған әрбір ер азаматтың құрметті міндеті және ізгі борышы болып табылады.
   Заманауи әскер құру – мемлекеттік төтенше маңызы бар міндет. Елдің әскери ұйымдарын бірыңғай ниетте кешенді дамытуды қарастыратын Қарулы күштерді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама Қарулы күштердің ұрысқа әзірлігін қамтамасыз етуге, олардың ұрысқа қабілеттіліктері мен әскердің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға кепілденген қабілеттерін көтеруге бағытталған.
   Шын мәнінде, беделді де құрметті, көптеген жастардың ұлы абыройы мен арманы болып табылатын қызмет - ҚР Қарулы күштерінде, өзінің ата-жұртының нағыз патриоттары қызмет етеді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің даму тарихы және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі олардың рөлі жайлы материалдар ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование