KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060320
2019 жылы:  125855
бүгiн:  139
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.04.2016

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан халқының бірлігі күні – халықтар достығы, келісім мен түсіністік мерекесі. Бүгінде Қазақстандағы төзімділік пен қалыптасқан мәдени тұрақтылықтың арқасында, елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.  
   Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ, Елбасы Н.А.Назарбаев біздің жеріміздегі бейбітшілікті сақтауға баса назар аударуда. Соның арқасында, бүгінде Қазақстан көптеген елдер үшін бейбітшіліктің, келісім мен бірліктің үлгісі болып отыр.
   Қазақстан аумағында тұратын халықтардың әрқайсысы бірегей, олар бірге біртұтас тату халық. Мерекеде концерттер, фестивальдар, халықтар достығы мен бірлігін, бейбітшілікті көрсететін театрланған қойылымдар ұйымдастырылады. Мерекенің ең көркем тұсы - түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық бұйымдары орналастырылған этномәдени көрме. Көрмеде түрлі ұлыстарға тән киімдерді, дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарды, әшекейлерді кездестіруге болады.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийі қорларынан алынған тақырыптық материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование