KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886254
2019 жылы:  19969
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2016

   2016 жылғы 29 сәуірде Үлкен залда «Парасат» жастар клубы жұмысының аясында белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ сағымдай сағыныш» атты поэзия кеші өтті.

   Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының әйгілі ақыны. Ақын поэзиясының шабыттану көзі туған өлкесі, атажұртының тағдыры, уақыт тынысы, замандастарының үміттері мен армандары болды.
   Оның шығармаларындағы көркемдік бейнелерінің руханияты автордың мөлдір де таза жаны мен жалынды жүрегін ашып көрсетті. 1999 жылы М.Мақатаев қайтыс болғаннан кейін «Аманат» атты өлеңдер жинағына әдебиет және өнер саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

   Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың зияткерлік деңгейін көтеру және дамыту, Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру және насихаттау.
   Іс-шара аясында ақынның баласы Жұлдыз Мақатаевпен кездесу болды, ақынның өмірі және шығармашылығы жайлы «Мұқым елдің мұзбалағы» атты деректі фильм көрсетіліп, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Ақ сағымдай сағыныш» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кеште кітапхананың жас мамандарының, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің және Қаскелен мәдениет колледжі студенттерінің, Алматы қаласы мектеп оқушыларының орындауында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер шырқалды. ҚР Ұлттық кітапханасы жас мамандарының орындауында «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан көрініс қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование