KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886497
2019 жылы:  20212
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.03.2016

   2016 жылғы 4 мамыр, сағ. 11.00-де Көрмелер залында 9 мамыр – Жеңіс күні  мерекесіне орай «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген «Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

   Ұйымдастырушылар: «Бауыржан Момышұлының мұрасы» Қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   2015 жылы Халық Қаһарманы Б.Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Бауыржан Момышұлының мұрасы» қоғамдық қорының бастамасымен «Өнегелі өмір» сериясымен кітап шығарды.
   «Өнегелі өмір» сериясымен шығарылып отырған бұл басылымның өзіндік басты ерекшелігі – негізінен тың деректер мен соны мазмұнға ие. Кітапта Б.Момышұлының ғылыми айналымға енгізілген нақтылы өмірбаяны, мұрағат құжаттары, «Ұшқан ұя» ғұмырбаяндық романынан жас ұрпаққа тағылым боларлық шағын үзінділер, алуан түсті таныс-бейтаныс фотосуреттер, ең бастысы бұрын жарияланбаған естеліктер мен жазбалар, Баукеңнің әр қырын ашатын эсселер мен мақалалар топтастырылып отыр.
   Өжеттік пен өткірлікті, қайсарлық пен жігерлілікті, ұлтжандылық пен елін сүюді, ерлік пен батырлықты бүгінгі жас ұрпақ «Өнегелі өмір» сериясымен шығып отырған «Бауыржан Момышұлы» кітабынан сезіне алатынына сенім зор.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан «Ұлы Жеңіс – ұмытылмас тарих» және «Бауыржан Момышұлы» атты кең ауқымды кітап көрмелері ұйымдастырылады. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері туралы әдебиеттер, әскери мемуарлар, суретті альбомдар, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан жауынгер солдаттардың түпнұсқа хаттары ұсынылады.

   Тұсаукесерге «Бауыржан Момышұлының мұрасы» Қоғамдық қорының президенті, академик К.Нарибаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Н.Оразалин, Олимпиада чемпионы Ж.Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қаласындағы №159 мектеп-гимназияның директоры А. Миразова, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Ж.Молдабеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Б.Жақып, Бауыржан Момышұлының келіні З.Ахметова, немересі Е.Момышұлы, бауыржантанушылар М.Қалдыбай, К.Серікбаев, Т.Сауранбеков, М.Мырзахметов, Р.Ниязбек, ҚР Жазушылар Одағының, жоғары оқу орындарының өкілдері, тарихшы-ғалымдар қатысады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование