KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886283
2019 жылы:  19998
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2016

   2016 жылғы 4 мамырда Көрмелер залында 9 мамыр – Жеңіс күні  мерекесіне орай «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген «Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ұйымдастырушылар: «Бауыржан Момышұлының мұрасы» Қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   2015 жылы Халық Қаһарманы Б.Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Бауыржан Момышұлының мұрасы» қоғамдық қорының бастамасымен «Өнегелі өмір» сериясымен кітап шығарды.
   «Өнегелі өмір» сериясымен шығарылып отырған бұл басылымның өзіндік басты ерекшелігі – негізінен тың деректер мен соны мазмұнға ие. Кітапта Б.Момышұлының ғылыми айналымға енгізілген нақтылы өмірбаяны, мұрағат құжаттары, «Ұшқан ұя» ғұмырбаяндық романынан жас ұрпаққа тағылым боларлық шағын үзінділер, алуан түсті таныс-бейтаныс фотосуреттер, ең бастысы бұрын жарияланбаған естеліктер мен жазбалар, Баукеңнің әр қырын ашатын эсселер мен мақалалар топтастырылып отыр.
   Өжеттік пен өткірлікті, қайсарлық пен жігерлілікті, ұлтжандылық пен елін сүюді, ерлік пен батырлықты бүгінгі жас ұрпақ «Өнегелі өмір» сериясымен шығып отырған «Бауыржан Момышұлы» кітабынан сезіне алатынына сенім зор.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан «Ұлы Жеңіс – ұмытылмас тарих» және «Бауыржан Момышұлы» атты кең ауқымды кітап көрмелері  ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері туралы әдебиеттер, әскери мемуарлар, суретті альбомдар, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан жауынгер солдаттардың түпнұсқа хаттары ұсынылды.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар ашып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Пірәлиев Серік Жайлауұлы жүргізді.
   Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: «Бауыржан Момышұлының мұрасы» Қоғамдық қорының президенті, академик К.Нарибаев, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Ж.Молдабеков, Бауыржан Момышұлының келіні З.Ахметова, немересі Е.Момышұлы, бауыржантанушылар М.Қалдыбай, К.Серікбаев, Т.Сауранбеков, М.Мырзахметов, Р.Ниязбек.

   Қатысушылар: ҚР Жазушылар Одағының, жоғары оқу орындарының өкілдері, тарихшы-ғалымдар, Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп-интернатының курсанттары, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование