KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060382
2019 жылы:  125917
бүгiн:  201
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2016

   2016 жылғы 29 сәуірде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Ұлттық кітапхана ұжымында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен саммите жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі таныстырылып, талқылау өтті.

   Талқылауды Ұлттық кітапхананың директоры Әлібек Асқар ашып, Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған Манифесінің Қазақстанның бейбітшілік саясатының бір көрінісі, еліміздің ядролық қарудан ең алғаш бас тартқан елдердің бірі екендігін, қазақ елінің бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісі болып отырғандығын  атап өтті.
   Талқылауға қатысқан көрнекті саясаткер, тарих ғылымдарының докторы Саттар Мажитов манифест туралы түсініктеме беріп, өз ойын ортаға салды.  Ол Манифестің «ХХІ  ғасыр. Соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарламасына, оны іске асыру үшін қажетті үш басты қағидаттарға, яғни, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайтындығы және бола да алмайтындығы, онда бәрі де жеңілетіндігі; 2-ден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайтындығын; 3-ден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керектігіне кеңінен тоқталды. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының кешенді бағыттарын атап өтті.
   Құжатты талқылау барысында кітапхана қызметкерлері Әзіретбергенова Э.Ж., Шыңғысов Ж.Ж., Болатова К.А., Бахина К.А. өз пікірлерін білдірді.

   Бейбіт өмірге үндейтін бұл маңызды құжатты іске асыру үшін өзге елдер де ядролық қарудан толығымен бас тартып, әлем елдері ортақ мақсатқа жету жолында әлем қауіпсіздігі үшін бірігуі керектігі айқын.

  

  

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование