KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886306
2019 жылы:  20021
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2016

   2016 жылғы 5 мамырда Көрмелер залында Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы және «Сауап» қоғамдық қоры, республикалық, патриоттық әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналының бірлесіп ұйымдастыруымен, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Тәуелсіздік тұмарым, Мәңгілік ел ұраным» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсат:
   Ерлікті елдікке ұштастыра отырып мәңгілік тарихқа айналдыру жолында елдік пен ерлікті, отаншылдықты Бауыржан Момышұлы есімі арқылы жас ұрпаққа үлгі ету. «Мәңгілік ел» идеясы мен тәуелсіздік ұғымдарының біртұтастығын жаңғырту әрі  халықтың намысына қызмет етіп жүрген бүгінгі ұлт тұлғалары арқылы қазақстандық патриотизмді жастарға насихаттау.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар ашып, Республикалық «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы Г.Амантайқызы жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: Гүлбану Алпамысқызы, Қазақ радиосының тілшісі, Елеусіз Қамалұлы, журналист, Ақтамақ Сәрсенбаева, Әуезов ауданы бойынша Нұр Отан партиясының Бастауыш партия ұйымының жетекшісі және т.б.
Іс-шара аясында тәуелсіз еліміздің мүддесіне зор үлес қосып жүрген білікті де, білімді, еңбегі сіңген әртүрлі сала мамандары Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.

   Қатысушылар: Ауған соғысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері.

   

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование