2016 жылғы 12 мамырда Көрмелер залында «Олжас кітапханасы» баспасынан жарық көрген «Мудрец из Туркестана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер танымал публицист, жазушы, өзіндік ерекшелігі бар философ және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Олжас кітапханасы» баспа үйі және Қазақстанның Журналистика Академиясы.
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Бірқатар республикалық газет-журналдарда бас редактор болып жұмыс атқарған. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін – «Мысль» журналының бас редакторы. Төрт кітаптың авторы, жетекші республикалық газет-журналдарда 500-ден астам жарияланымдары, «Литературная газета», «Советская культура», «Российская газета», «Дружба народов», «Вокруг света» және т.б. кеңестік және ресейлік басылымдарда бірқатар мақалалары жарық көрді. Поляктың «Новая восточная политика» журналы редакциялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Служение нации» (2009), «Казахская драма» (2010) және «Дао Алтая» (2013) сияқты танымал кітаптардың авторы. «Мудрец из Туркестана» кітабы Сейдахмет Құттықадамға арналған. Кітаптың жауапты редакторы және құрастырушысы - Парсы тілі мен әдебиеті академиясының академигі, профессор Сафар Абдулло. Кітап түрлі авторлардың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал замандасымыз - Сейдахмет Құттықадамның көпқырлы қызметіне арнаған мақалалар жинағынан тұрады. Авторлар С.Құттықадамның еліміздегі және ағартушылық қызметіндегі көптеген маңызды мәселелерді шынайы әрі терең баяндаудағы бірегей рөлін ашады. Жинақ авторларының ішінде Қазақстанның және Ресейдің танымал ғалымдары мен қайраткерлері: Герольд Бельгер және Лев Аннинский, тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизова және Сағымбай Қозыбаев, саяси ғылымдар докторы Константин Сыроежкин, философия ғылымдарының докторы Альмира Наурызбаева, «Литературная газета» (Мәскеу) бас редакторының орынбасары Максим Замшев, Томск қаласынан жазушы және ғалым Владимир Костин, ең танымал журналистер Адольф Арцишевский және Елена Брусиловская және т.б. бар. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана безендірілген кітап көрмесін ұйымдастырды. Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Ә.Асқар ашып, танымал қоғам қайраткері және көрнекті мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жүргізді. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына және келген қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды. Сөз сөйлегендер: Ғ.Қабышұлы, Ж.Кенжалин, С.Абдулло, В.Жандаулетов, Б.Оспанова және т.б. Іс-шараға жинақтың авторлары және танымал қоғам қайраткерлері қатысты.
|