«Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты Манифесін ілгерілетуге арналған «Бейбітшілік кіндігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 жылғы 31 наурыз − 2 сәуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит өтті. Саммит әлемнің елуден астам елдерінің мемлекет, үкімет басшыларының және халықаралық ұйым жетекшілерінің басын қосты. Онда ядролық қауіпсіздікті нығайту, радиоактивті материалдарды сақтау және оларды қолдану мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев саммитке қатысып, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялады. Елбасы Саммит делегаттары алдында сөз сөйлей отырып, Қазақстанның ядролық нысандар қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығына кіретіндігін атап көрсетті. Бүгінде Қазақстан – уран кенін өндіру бойынша және оның қоры жағынан, сондай-ақ бұл өнімнің жетекші экспорттаушысы ретінде әлемдік көшбасшы мемлекет. Елбасы әртүрлі едердің ұлттық энегетикасы мен өндірісін төмен байытылған отынға көшіруді ынталандыру шараларын өндіру халықаралық қауымдастыққа маңызды екеніне тоқталды.
Манифестің басты идеясы – әлемде ядролық қаруды тоқтату. Қазақстанның мұндай шараға белсене қатысуы, біздің еліміздің бұл мәселеге терең тарихы қатысы бар екенін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, қазіргі таңда республика ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық аренада едәуір салмақты болып табылады.
Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қауіпсіздікті күшейту, қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау жөнінде, cондай-ақ ядролық сынақтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін зиянын ашатын материалдар қойылды.
Кітап көрмесіне шақырамыз! |