KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 13 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14910687
2019 жылы:  44402
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2016

   Әлем әдебиетінің оқу залында орыс жазушысы, драматург, режиссер Михаил Афанасьевич Булгаковтың 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Михаил Афанасьевич Булгаков 1891 жылы 3 мамырда Киев рухани академиясы оқытушысының отбасында дүниеге келген. Киев университетінің медицина факультетін бітіргеннен кейін жалпы мемлекеттік дәрігер болып жұмыс істеді. Бірінші дүниежүзілік  соғыста 1914-18 жж. майдан жанындағы госпитальда хирург болды. 1918 жылы әскери дәрігерлікке шақырылып, Киевке қайтып оралды. 1919 жылдан өзінің фельетондарын жергілікті газеттерге басып шығара бастады. Сол жылдары Булгаков дәргерлікті тастап, әдеби шығармашылықпен айналысып, журналист болып жұмыс жасады. 1920 жылы Германияда шығарылған босқындық «Накануне» газетімен бірлесіп жұмыс атқарды. 1921 жылы Мәскеуге қоныс аударды. 1922 жылы фельетондары мен хат-хабарларын ғана емес, «Необыкновенные приключения доктора» және «Спиритический сеанс» атты әңгімелерін де жариялады.
   «Накануне» газетінің әдеби қосымшасында Булгаковтың: «Записки на манжетах», «Похождения Чичикова», «Сорок сороков», «Путевые заметки», «Багровый остров» (1922-24)  және басқа да көптеген шығармалары жарық көрді. Жазушының бірінші сатиралық әңгімелер жинағы «Дъяволиада» басылымдарда талас туғызды. «Белая гвардия» (1925-27) романының жариялануы аяқталмай қалды. Осы роман желісі бойынша «Дни Турбиных» пьесасы жазылды. Булгаков – драматург және әңгімеші, ол шындықтың, әзілдңі, икемділіктің, жанды сөйлеудің  және қарқынды сюжеттің техникасын өткір шеберлікпен  меңгерген.  
   Булгаков өзінің шығармаларында жаңарған кеңесшіл жүйенің құрбаны болған гогольдік «кішкентай адам» тақырыбын жалғастырды; елдегі ең жақсы орыс зиялыларының топтарын суреттеуге көп көңіл бөлді, адамгершілік мәселесін таңдауды, отанын жоғалтқан елдердің қайғысын көрсетті; әлеуметтік қатынастардағы қарапайым адамдардың сезімдерінің басымдылығын нығайтты.
   30-шы жылдардың басынан өмірінің соңына дейін Булгаков үш бөлімді жобаны біріктіріп: тарихи-аңыздық (көне Иудея), заманауи-тұрмыстық (Москва 30-шы жылдар) және тылсым-қиялдық «Мастер и Маргарита» романымен жұмыс жасады. Ол жақсылық пен жауыздық мәселелері, өтірік және шындық құлықтары жолға қойылған  философиялық романның өзгеше түрін жарыққа шығарды.
   Булгаковтың шығармалары көптеген әлем тілдеріне аударылды. Олар бірнеше рет экранға шықты.
   Булгаков 1940 жылы 10 наурызда Мәскеуде қайтыс болды.

   Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер мен әлем тілдеріндегі шығармалары ұсынылған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование