«Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақ ақыны, драматург, композитор Бәкір Тәжібаевтың 90 жылдығына арналған «Ән мен жырдың ақбұлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев 1926 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы көркемсурет-театр училищесінің актерлік бөлімін бітіргеннен кейін, республиканың облыстық театрларында актер болып жұмыс істеді. 1956 жылдан бастап шығармашылықпен айналыса бастады. 1958 жылы Абай атындағы Опера және балет театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Кейін Халық шығармашылығы үйінің директоры болып қызмет етеді, Қазақ КСР театр қоғамында жұмыс жасайды, 1974 жылдан бастап шығармашылық жұмыстармен айналысады. Б.Тәжібаев − «Кел, дос болайық» (1963), «Қара торғай» (1967), «Ақбұлақ» (1969), «Ән-дәурен» (1973), «Жүріп келем» (1976), «Бұлбұл» (1969), «Сахна жұлдыздары» (1977) және т.б. сияқты бірнеше жыр жинақтарының, драмалық шығармалар, көркем проза мен очерктердің авторы. Сонымен қатар, ол «Қамар сұлу» операсы либреттосының және т.б. бірқатар пьесалардың авторы. Республикалық театрлардың сахналарында оның сценарийі бойынша көптеген пьесалар қойылды. Б.Тәжібаев, сонымен қатар: «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, Әппағым», «Гүлсің-ау» және т.б. танымал эстрада әндерінің авторы. 1977 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваның орындауында композитордың атақты «Әлия» әні «Мелодия» фирмасынан күйтабақ болып шықты. Бұл ән авторға Бүкілодақтық «Ән-77» фестивалінің лауреаты атағын әкелді. Бүгінде композитордың қалдырған мұрасы халықтың жадында. Бәкір Тәжібаев 1994 жылы дүниеден өтті.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Бәкір Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.
Кітап көрмесіне шақырамыз!
|