KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 13 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14910681
2019 жылы:  44396
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.05.2016

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында  «Ара (Шмель)» сатиралық журналының 60 жылдығына арналған «Сықақ сыны - өткір сын» атты көрме ұйымдастырылды.

   «Ара (Шмель)» сатиралық журналы 1956 жылы қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жанындағы республикалық газет-журналдар баспасынан шыға бастады. Журналдың алғашқы нөмірінде бауырлас республикалардың сатиралық журналдары редакцияларының, қазақстандық ақын-жазушылардың, оқырмандардың құттықтау жеделхаттары жарияланды. Алғашқы нөмірдің мұқабасында бейнеленген араның аллегориялық суретінің астындағы өлең жолдары арқылы редакция өзінің мақсаттарын көрсеткен болатын:
 
Ұшқалы тұрған Арамын,
Алдарыңа барамын.
Қыйсық, қыңыр, қырсауды
Талқыңа сүйреп саламын.
Жексұрын, жылпос,тоңмойын,
Төрешілді табамын, Табамын да шағамын!
   Журналдың үлкен танымалдылығын, төрешілдікке, керітартпалыққа қарсы бағытталған түбегейлі өткір сөздер мен сын кемшіліктер, халық игілігін ысырап еткен, уайымсыз шаруа адамы, көз бояушы, жалқау, жатып ішер және көңілді, орынды әзілдер қамтамасыз етті. Қазақстандағы газет журналдардың  арасында «Ара» басылымының орыс және қазақ тілдеріндегі таралымы басым болды.
   Басылымның алғашқы редакторы танымал жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсірепов болды. Ғ.Мүсіреповтен кейін журналды Қайнекей Жармағанбетов басқарды. Сондай-ақ, журналдың редакторлары – Жүсіп Алтайбаев, Тельман Жанұзақов, Нұрғазы Шакеев, Ғаббас Қабышұлы. Осылардың әрқайсысы «Ара» журналының танымалдылығына өз үлестерін қосты. Оған дәлел, журналдың таралымы  миллион данаға жетуі. 
  Бұрын қаржы тапшылығына байланысты журнал жабылған болатын. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ара» журналының қайта жарыққа шығу мүмкіндігі пайда болды. Қайта жаңғырған «Ара» журналының бас редакторы, бұрынғы бас редактор Көпен Әмірбек болды.
 
   Көрмеде «Ара (Шмель)» сатиралық журналының мерейтойлық сандары, танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым беттеріндегі журналға арналған мақалалары ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование