KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886380
2019 жылы:  20095
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.05.2016

   2016 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында ақын, кинодраматург, публицист, ғалым және зерттеуші, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 80 жасқа толуына орай шығармашылық кездесуі өтті. Кездесу аясында шығармалар жинағының, «Олжас Сүлейменов» ғылыми-көмекші ретроспективтік библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.
   Шығармалар жинағына ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі үздік шығармалары енгізілді.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы және «Олжас кітапханасы» баспа үйі.

   Іргелі библиографиялық жұмыс ҚР Ұлттық кітапханасының бірегей қорының негізінде жасалды. Ең алғашқы дереккөз О.Сүлейменовтің «Мой народ», «Вода», «В степи» өлеңдері «Литературная газетада» басылып шыққан 1959 жылмен белгіленеді. Қазіргі таңда дереккөз саны 4000-ға жуық. Бұл ақынның жекелеген шығармалары және ол туралы әдебиеттер, өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар. Соның ішінде Андрей Вознесенкийдің, Роберт Рождественскийдің, Римма Казакованың және т.б. Олжас Сүлейменовке арнаған поэмалары мен өлеңдері бар. 
   Көрсеткіш үш бөлімнен тұрады: қазақ, орыс және әлем халықтары тілдерінде. Олардың ішінде – ағылшын, француз, неміс, араб, болгар, бенгал, якут, швед және т.б. тілдерге аудармалары бар. Көрсеткіш филологтар, ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер, кітапханашылар мен қалың оқырман қауымға арналған. Алғысөз авторы-шығыстанушы-ғалым, профессор Сафар Абдулло.

   Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, танымал қоғам қайраткері және көрнекті мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: О.Сүлейменов, А.Әшімов, М.Райымбекұлы, С.Абдулло, Ұ.Есдәулет, Ш.Уәлиханов.
   А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде өткен Олжас Сүлейменовтің шығармаларын үздік орындау бойынша Републикалық байқаудың жеңімпаздары өлең оқыды.

   Қатысушылар: дипкорпус өкілдері, қазақстандық қоғамдық және шығармашылық ұйымдардың өкілдері, танымал ақын-жазушылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование