KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886332
2019 жылы:  20047
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.05.2016

   2016 жылғы 25 мамыр, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Р.Б.Сүлейменов атындығы Шығыстану институтының директоры, көрнекті шығыстанушы ғалым, ҚР Жоғары Мектеп ҒА-ның академигі, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Руханият және өркениет» атты зерттеулер мен мақалалардан тұратын жаңа еңбегінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

   Ә.Дербісәлінің соңғы жылдардағы руханият, әдебиет, мәдениет, исламтану, деректану және т.б. тақырыптағы зерттеулерінің жинағын құрайтын бұл монографиясы жеті тараудан тұрады.
   Бірінші, «Ислам – ұлы дін» тарауында келелі тақырыптар қамтылған. Қазақстан мен Орта Азия мұсылмандары мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ислам діні, оның тарихы, Ханафи мазһабы, Матуриди ақидасы, ата дініміз бен оның ерекшеліктері, ислам ұғымындағы отан, халық, туған ел мен туған жер туралы құндылықтар, ислам және ұрпақ тәрбиесі, ислам дініндегі отаншылдық мәселесі сөз болады.
   Екінші, «Ислам – үлкен өркениетте» деп аталатын тарауда тарихымыздың көмескі тұстарын ашу мен байытуда ерекше мәнге ие халқымыздың ислам мәдениетімен қойындасып жатқан жазба мұралары және оның ірі өкілдері – Отырар, Сығанақтық және т.б. ғалымдар жөнінде әңгіме өрбиді.
   Үшінші, «Құрылтайлар мен конференциялар ғибратында» атты тарауда  Әбсаттар қажы Дербісәлінің Астанада төрт рет (2003, 2006, 2009, 2012) өткен әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің құрылтайында сөйлеген сөздері, діндераралық түсіністік пен үнқатысу, діндер мұраты – ынтымақ пен бірлік, Қазақстан – Батыс пен Шығыстың алтын көпірі секілді және т.б. өзекті мәселелер ортаға салынады.
   Төртінші, «Сұхбаттар» тарауын экс-бас мүфтидің дін һәм өркениет, сондай-ақ руханияттың өзекті мәселелерін сөз ететін ақпарат құралдары және шетелдік мемлекет қайраткерлерімен болған сұхбаттары, ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары және т.б. әңгіме арқауына айналған. Мұнда ислам дінінің адамзат руханиятындағы алар орны, ислам мен лаңкестік, ислам мен өркениет, ислам мен ғылым және т.б. сияқты бүкіл адамзатты ойландырып отырған өзекті тақырып бойынша ғалымның ойлары берілген;
   Бесінші, «Ғұмырнамалық баяндар» деп аталатын тарау ғалымның еліміздің мемлекет және ғылым, өнер қайраткерлері туралы ой-толғамдарына арналған. Аталған тарауда автордың Ө.Жәнібеков, С.Сартаев, Ө.Айтбайұлы, Т.Қожақұлов және т.б. халқымыздың біртуар ұлдарының өмірі мен ұлт мұраты жолында жасаған ұлағатты істері туралы естеліктері берілген.
   Алтыншы,  «Жолжазбаларда» тарауында автор дінбасы ретінде түрлі елдерге жасаған сапарлары, зияраттарда көргендері мен көңілге түйгендері, сапарлардың ғибраттары жайлы ой бөліседі. «Гималай асқан қазақтар», «Татар башқұрттар елінде», «Мұнарасы биік Мысыр», «Үш құрылыққа сапар» және т.б. жолжазбалары қазақ халқының өткен тарихынан, түркі тілді халықтардың мәдени, рухани болмысынан, ислам әлемінен, күллі әлем елдерінің руханияты мен өркениетінен, қазіргі болмысынан сыр шертеді;
   Жетінші, «Ғалым мүфти, қайраткер немесе замандас туралы ойлар» атты тарауында әйгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, атап айтқанда көрнекті мәдениет қайраткері А.Әшімов пен ғылым докторлары, профессорлар: Ә. Момынов, Ш.Керім, И.Жеменей, А. Смақова, С.Дәуітов және т.б. ғалымдардың Ә.Дербісәлінің шығармашылығы туралы ой-пікірлері берілген.
   Кітап дінтанушылар мен исламтанушылар, ғалымдар мен қоғам және дін қызметкерлері, мәдениеттанушылар һәм өнертанушылар, сонымен қатар жалпы жұртшылыққа арналған.

   Қатысушылар: ғалымдар, ұстаздар, мәдениеттанушылар, дін және қоғам қайраткерлері, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование