KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060350
2019 жылы:  125885
бүгiн:  169
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2016

   2016 жылғы 26 мамырда Көрмелер залында Қазақстан Гёте институтының қолдауымен көрнекті қазақстандық жазушы Ілияс Жансүгіровтің қазақ тіліндегі түпнұсқадан неміс тіліне аударылған «Құлагер» кітабының тұсаукесері өтті. Аударманың авторы танымал неміс жазушысы – Герт Хайденрайх.

   Кітап «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен дәстүрін көрсететін «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері неміс тілді оқырмандар үшін үстіміздегі жылдың наурыз айында Лейпциг қаласындағы (Leipziger Buchmesse) Халықаралық кітап жәрмеңкесінің аясында өтті.

   2016 жылғы 25-27 мамыр аралығында неміс тіліндегі «Құлагер» поэмасының тұсаукесері Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Іс-шараға жобаны дайындауға қатысқан аудармашылар, сондай-ақ Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылды.
    Тұсаукесер рәсімін танымал тележурналист, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізді.
   Қатысушылар: ғалымдар, оқытушылар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, филологтар, Қазақстан Гёте институтының студенттері, БАҚ өкілдері және т.б.

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование