KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886411
2019 жылы:  20126
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.05.2016

   2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімшілігі, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы.

   Адамзат баласы өзінің ес біліп, есейген дәуірінен бастап елі мен жерінің тағдырын өзінің тағдыры деп білген. Өзінің ата жұртынан бастап, бүкіл мемлекет аумағындағы елді мекенді қаны мен жанымен қорғаған. Сөйтіп жүріп іргелі ел болған. Ал, іргелі елдің баянды тірлігі үшін қажыр-қайратын аямай күрескен жандардың қызметі бар заманда да жұртына үлгі, халқына қастерлі.
   Байтақ жұртымыздың әр замандардағы ел тағдырын, жер тағдырын өмір бақи күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселесі деп білгендіктен де ғасырлардан аттап өтіп, есімі ғана емес, қастерлі туындылары келешек ұрпақтарына жетіп отырған сонау ХІІІ-ХІV ғасырдың перзенті  Сыпырадан басталатын ұлы жыраулардың ұлық шығармаларының ел тарихын танытудағы рөлі яки, мәні мен мағынасы ерекше.
   «Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның негізгі тақырыбы осы мәселеге арналған.
   Конференцияның өзекті мәселесі – өзіміздің ХІV ғасырдағы Сыпыра жыраудан кешегі Махамбет, Сүйінбайларға дейінгі  жыр тарландары – жыраулар әулетінің негізгі шығармаларының тарихи жазба дерек-мағлұматтармен дәлелдене отырып пайымдалатындығында.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана  қорынан «Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл», «Алматы қаласының 1000 жылдығы» және «Жыраулар мұрасы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

   Конференцияны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізді.
   Баяндама жасағандар: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті У.Қалижанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Ж.Тілепов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебаев, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиетінің  бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қосан және т.б.

   Қатысушылар: Алматы қалалық әкімшілігі, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығы және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері, ғалымдар, магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері.

  

  

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование