KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886327
2019 жылы:  20042
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.06.2016

   8 маусым сағ. 11.00-де Көрмелер залында Ұлы Отан соғысының (1941-1945жж.) 75 жылдығына арналған «Шексіз қарсылық көрсету. Кеңестік партизандар Италияда» атты фото-көрмесінің тұсаукесері  өтті.

   Іс-шара Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп  өткізілді.
   «Шексіз қарсылық көрсету. Кеңестік партизандар Италияда» атты Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына фото-көрмесінде кеңес партизандарының фашизмге қарсы  ерліктері  баяндалады.
   Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхананың директоры Ж.С.Сейдуманов ашып,  іс шараның модераторы  Ресей Федерациясы Бас консулдығының және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының  өкілі И.В.Переверзева жүргізді. Италияндан келген кештің арнайы қонағы Эрика Леони Италияны жаудан босатудағы кеңес партизандарының ерлігі туралы әңгімеледі. Іс-шараға Алматы қаласындағы Италияның Бас консулы Пьетро Кала катысты.  Қатысушыларға Владимир Переладовтың Монтефиоринода партизандар республикасының құрылуы туралы деректі фильм көрсетілді.
   Владимир Переладов – қарсылық көрсетуші, кеңес офицері алғы шептегі орыс батальонының командирі. 1941 ж. шілдесінде жасаққа келген Батарея командир, 45 миллиметрлік танкке қарсы пушканың 21 атқыштар дивизиясы Москва қаласындағы Бауман районының 7-ші халықтық дивизиясының жасағына түскен Лейтейнант Переладов, Вязь түбінде тұтқынға түсіп, жергілікті халықтың көмегімен Италияға төртінші рет қашып шығады. 1944 жылы наурыз айында  – 100 ден аса кеңес  азаматтары кірген партизан отрядының командирі болды. Әскери шабуылда отряд 121 көпірді, қарсы жақтың қару жарақты, 350 машинасын, 500 гарнизонды жояды, 4500 неміс және италиян солдат офицерлерін қолға түсірді. Өзінің жауға қарсы күресі туралы «Записки русского гарибальдийца» атты кітабында жазды.

   Кешке қатысушылар: Алматыдағы Қазақстан халкы Ассамблеясы Осетин мәдени орталығы басшысы К.В.Мансуров. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек майданының ардагерлері,тарихшылар және Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының қызметкерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, студенттер және көпшілік қауым қатысты.

 

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование