KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886387
2019 жылы:  20102
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.06.2016

   Әлем әдебиеті бөлімінде  ағылшын  жазушысы А.К. Дойльдың «Шерлок Холмс хиқаялары» шығармалар жинағының 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сэр Артур Игнейшус Конан Дойль – әйгілі ағылшын жазушысы.  Ол суретші отбасында дүниеге келген.  1881 жылы Эдинбург университетінің медициналық факультетін  бітіріп, ол біраз уақыт Саутсида тәжірибеден өтті. Кейін диссертация қорғап, медицина докторы болды, бірақ 30 жасында дәрігерлікті тастап, әдеби шығармашылықпен айналысуды қолға алды. Ол көптеген саяхатқа шықты, Арктикада кит аулау кемесінде дәрігер болып,  Ағылшын-бурск соғысы кезеңінде   (1899-1902 жж.) дала хирургі  болып жұмыс атқарды..
   Артур Конан Дойль – көптеген тарихи, шытырман оқиғалы, публицистикалық, әзіл-оспақ, қиял ғажайып шығармаларының авторы. Ол классикалық детективтің кейіпкерлерін,  ғылыми фантастикалық және тарихи - шытырман әдебиетін: данышпан із кезуші Шерлок Холмсты, профессор Челленджерді, айбынды кавалериялық  офицер Жерарды жарыққа шығарды. 1887 ж. оның алғашқы «Этюд в багровых тонах» повесінің ең негізгі кейіпкері болған Шерлок Холмс пен Доктор Ватсон (Уотсон) жарық көрді. Барлығы Шерлок Холмс пен Доктор Ватсонның (Уотсон) бастан кешкен оқиғалары төрт повесть пен бес әңгімелер жинағын қамтиды: «Знак четырех» (1890), «Собака Баскервилей» (1902) и «Долина ужасов» (1915). Әр түрлі журналдарда басылып шыққан, әйгілі із кезуші туралы  көптеген әңгімелер,  кейін «Приключения Шерлока Холмса» (1891), «Записки Шерлока Холмса» (1893), «Возвращение Шерлока Холмса» (1905), «Архив Шерлока Холмса» (1927) жинақ  болып шықты. «Приключения Шерлока Холмса» сериясындағы «Скандал в Богемии» атты алғашқы әңгімесі «Strand» журналында 1891ж.басылды. Бас кейіпкердің түп тұлғасы Эдинбург университетінің профессоры, адамның өткенін және мінезін егжей-тегжейлі болжайтын қабілетімен әйгілі болған Джозеф Белл болды.  Дойль екі жыл бойы әңгімеден әңгіме жазып, аяғында өз кейіпкерлерінің уайым-қайғысынан  ауыртпашылығын көтере алмай қиналды. Оның Холмспен профессор Мориарти арасындағы айқасты «аяқтау» әрекеті сәтсіз аяқталды: оқырман қауымының жақсы көріп қалған кейіпкерін қайта жандандыруға тура келді  Холмстың  эпопеясы классикалық детектив жанрындағы «Собака Баскервилей» (1902)  романымен жалғасын тапты.
   Шерлок Холмс детектив жанрындағы  ойдан шығарылған ең әйгілі әдеби кейіпкерлердің бірі, дегенмен әрбір бесінші британдық оны шынайы өмір сүрді деп санайды. Шерлок Холмстың ғажайып танымал болуы және оның адал серігі, доктор Ватсонның өмірбаяны жаңа мифологиялық салада жетіліп, қазіргі күнге дейін  оның орталығы Лондондағы пәтері болып қалды. Оның  ойдан шығарылған «Бейкер-стрит, 221b» адресіне толассыз хаттар түсе берген соң, Лондон үкіметіне үйді қазіргі Шерлок Холмстың мұражайына ауыстырып, көшедегі үйлердің реттік нөмірлерін бұзуына тура келді.
 
   Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан А. К. Дойльдың қазақ, ағылшын және  орыс тілдеріндегі шығармалары  ұсынылған.

                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование