KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886311
2019 жылы:  20026
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2016

   Өнер» бөлімінің оқу залында эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Гүлвира Рәзиеваның 80 жылдығына арналған «Ұйғыр сазының бұлбұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Рәзиева Гүлвира Тұрсынқызы – тұңғыш кәсіби ұйғыр эстрада әншісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Оның шығармашылық деңгейі тек ғана орындаушылық ғана емес, сонымен қатар педагогтік актерлік, музыкалы-қоғамдық қызмет ауқымын қамтиды. Елу жыл әншілік қызметінде республиканың музыкалық мәдениетін дамытуға елеулі үлесін қосты.
   Гүлвира Рәзиева - Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрада оркестрінің әншісі, ұйғыр музыкалық драма және комедия театрының әртісі, ол Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясымен белсенді түрде бірлесе жұмыс істеді. Оның кәсіби қызметі ұлттық ұйғыр, қазақ және әлемдік музыка мәдениетін әртүрлі теледидар каналдарында, радиостанцияларында, республикалық өнерінің онкүндіктерінде, алыс және жақын шетелдегі гастрольдік сапарларында ең үздік вокалды шығармаларды кең ауқымда насихаттауға мүмкіндік туғызды.
   Г.Рәзиеваның қызметінің басталуы ұлттық дәстүрлі және қазіргі  ұйғыр музыкалық классикасының алғашқы қойылымдарымен тығыз байланысты. Ол ұйғыр кейіпкерлерінің бейнесін - Анархан («Анархан» драмасы»), Санам («Герим-Санам»), Гульшахра («Аршин Мал-Алан») және т.б. қойылымдарда басты рөлдерді сомдады. Театрда алғаш рет оның орындауындағы Назугум ариясы Қ. Қожамияровтың, Ш. Шаймарданованың, С. Исаевтың және басқалардың ұлттық операсында ұйғыр музыка өнерін насихаттаушысы болып табылды.
    Қазақтың эстрадалық әндерінің алғаш шыға бастаған кезеңінде, радио және теледидардың әншісі ретінде, қазақстандық композиторлар - Л. Хамиди «Жайлау», «Бақша жайнаған», Ә. Бейсеуов «Мұңайма», «Сырласу вальсі», Ш.Қалдаяқов «Сағынышым менің», «Ғашық күндер», М.Сағатов «Биле-биле», Е.Рахмадиев «Ғашық бақыты» және т.б.  әндердің алғашқы орындаушысы болды.
   Гүлвира Рәзиеваның шығармашылығы туралы 7 бейнефильм шығарылды, қазақ радиосының алтын қорына оның орындауындағы 500 ән кірді. Жемісті шығармашылығының нәтижесінде ол осы заманның аты аңызға айналған адамы «Ажар – 100 женских лиц» кітабына  енді. Сонымен қатар, Г.Рәзиева дарынды тәлімгер-педагог ретінде белгілі, оның оқушылары Қазақстанның белді музыкалық концерттік мекемелерінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде олардың көпшілігі тек республикаға ғана емес, сонымен қатар Қытай, Монғолия және т.б. елдердің  мәдениет қайраткерлері. «Парасат» орденімен марапатталған.
  
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың күйтабақ, кітаптар, мерзімдік басылымдар қорынан Гүлвира Рәзиеваның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

                                     Кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование