KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886308
2019 жылы:  20023
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.06.2016

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында қазақстандық «Ғылым-Наука» баспасының 70 жылдығына  орай  көрме ұйымдастырылды.

   «Ғылым-Наука» - 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясымен бір мезгілде, баспа және   полиграфиялық базасын кеңейту қажеттілігіне байланысты құрылған ғылыми баспа. Ұзақ  уақыт бойы баспа Ғылым академиясының  құрылымына кіріп, Қазақ КСР Ғылым академиясының президиумы мен Мемлекеттік  баспасөз  жөніндегі комитетінің бағынышында болды. 1964 жылдың маусым айынан  бастап «Наука Казахской ССР», ал 1990 жылдың 12 сәуірінен  «Ғылым» баспасы деп аталды. Редакциялық - баспа кеңесінің  алғашқы төрағасы Қаныш Сәтбаев болды, ол  баспаның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.
   «Ғылым»  баспасы құрылған  алғашқы  жылы  60 кітап, ал ХХ ғ. 80-ші жылдарында  жыл сайын 300-дей аталымды 1 млн. данаға жуық таралыммен басып шығарды.
   «Ғылым» баспасынан  ондаған күрделі  ғылыми-зерттеулер басылып шықты, олар: 13 томдық «Почвы КазССР» сериясы, 12 томдық «Флора Казахстана», 10 томдық «Қазақ тілі сөздігі», (ҚР Мемлекеттік  сыйлығы берілген), 5 томдық «Птицы Қазақстана» еңбектері, Ленин сыйлығы мен Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарының еңбектері: Қ.Сәтбаевтың  5 томдық «Избранные труды», М.Айтхожинның «Молекулярные механизмы биосинтеза белка растений»,  М.Қозыбаевтың 2 томдық «Тарих зердесі» және т.б.  Ғылым академиясы әр түрлі сала бойынша 9 ғылыми журнал  шығарады.
   «Ғылым-Наука» еліміздегі ең ірі баспалардың бірі болып табылады.  Өзінің полиграфиялық базасы және баспаханасы бар. Кітаптар, брошюралар және журнал бетіндегі мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және ұйғыр тілдерінде жарық көреді.

   Көрмеде Ұлттық кітапхананың қорынан  мерзімді басылымдардағы «Ғылым»  баспасына арналған және баспадан басылып шыққан әр жылдардағы материалдар ұсынылды.
  
Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование