KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886275
2019 жылы:  19990
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.06.2016

   Көрмелер залында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Астана күніне орай «Астана - Қазақстан тәуелсіздігінің символы» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрмеде оқырман назарына  Астананың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер, оның экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектлері туралы және т.б. әдебиеттер  ұсынылды.
  1997 жылы егеменді Қазақстанның  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық батыл бағыттарының бірі болатын. Елбасының бұл шешімі қаланың Қазақстан мен Еуразия континентінің орталығында маңызды геосаяси орналасуына, көлік және қатынас инфрақұрылымы болуына байланысты туындады. 1998 жылы Елбасы жаңа елорданы «Астана» деп атауға шешім қабылдады. Қалаға астаналық міндеттердің берілуінен бастап оның дамуында жаңа кезең басталды.
  19 жылдың ішінде Астана өркендеген, инфрақұрылымы дамыған қалаға және мәдени, саяси, қоғамдық өмір тіршілігінің орталығына айналды. Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өркендеп, Қазақстан тұрғындары мен шетел қонақтары үшін тартымды қалаға айналды.  Еуропалық және шығыс мәдениетінің дәстүрлері кірістірілген қазіргі заманғы сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі келбетін айқын бейнелейді. Астана қаласына Елорда мәртебесін беру қаланың өсуіне, дамуына орасан зор ықпал етті.  Осы уақыт аралығында қала ажары түбегейлі өзгеріп қана қоймай, өндіріс, құрылыс, мәдениет, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету салалары да айтарлықтай өзгерді. Қала халқының саны шапшаң өсе бастады.
   Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналды. Қазақстанның болашағы  Астананың болашағымен тікелей байланысты. Астана бүгінгі Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

       

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование