KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060478
2019 жылы:  126013
бүгiн:  297
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.06.2016

   Көрмелер залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құруда сіңірген еңбегін көрсету.
   Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдердегі 100-ден астам басылым қойылып отыр.  Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды бейнелеген басылымдар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары ұсынылды. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 30-ға жуық мақалалар ұсынылған. Мақалалар республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерде жарияланған.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование