KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886258
2019 жылы:  19973
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.07.2016

  2016 жылғы 30 маусымда Достық үйінде «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Аталған дөңгелек үстел және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында бұл шараға ҚР Ұлттық кітапханасы  «1916  жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл»  2016 жылғы 30 маусымда Достық үйінде «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында бұл шараға ҚР Ұлттық кітапханасы  «1916  жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Аманкелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин және басқа көтеріліс басшылары халықты тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.
   Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты − 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілістің  Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігін қалыптастырудағы тарихи маңыздылығын ұғыну; қазіргі заманғы білім негізінде қозғалыстың  себептері мен қозғаушы күштерін, тарихи маңызды оқиғалардың рөлін әділ бағалау; «Мәңгілік ел» ұлттық контексінде білім беру әлеуетін нығайту үшін кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпалдау; ұлттық патриоттық қағидаларын сіңіру, жастар мен өскелең ұрпақ арасындағы отандық тарихқа деген қызығушылықтарын нығайту.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұлт-азаттық көтерілістің тарихи себептері, оған қатысушы тарихи тұлғалар туралы әдебиеттер ұсынылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование