KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886284
2019 жылы:  19999
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2016

   «Өнер» бөлімінің оқу залында опералық әнші, профессор, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Ермек  Серкебаевтың (1926-2013) 90 жылдығына арналған «Біртуар дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

   Ермек Серкебаев 1926 жылы 4 шілдеде Петропавл қаласында дүниеге келген. 1941-1943 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін скрипка сыныбы бойынша, 1951 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы  қазақ мемлекеттік консерваториясы) профессор А.М. Кургановтың вокал сыныбы бойынша бітірген. Қазақ радиосында алғаш рет диктор болып қызмет атқарады. 1947 жылы студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрында Абай партиясын (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай") орындады. Серкебаевтың репертуарында қазақстандық опералардың жетекші партиялары (Е.Брусиловский «Ер-Тарғын», «Дударай», «Жалбыр», Л.Хамиди «Жамбыл», М.Төлебаев «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиев «Тың туралы ән», Ғ.Жұбанова «Еңлік-Кебек», «Жиырма сегіз»), батыс-еуропалық (В.Моцарт «Дон Жуан», Дж.Россини «Севильский цирюльник», Дж.Верди «Травиата», Ш.Гуно «Фауст», Ромео и Джульетта», С.Монюшко «Галька»), орыс (П.Чайковский «Евгений Онегин», «Иоланта», «Пиковая дама») және кеңес композиторлары (Ю.Мейтус «Молодая гвардия»,  «Братья Ульяновы») және т.б. бар. 1973 жылдан Алматы консерваториясында вокал сыныбын жүргізді. 1982 жылдан профессор атанады. Ол камералық және эстрадалық әнші ретінде өнер көрсетті. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шетел композиторларының шығармалары бар. «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән қанатында», «Тақиялы періште» және т.б. кинофильмдерге түскен.
   Е.Серкебаев бірнеше рет музыкалық сайыстарға: Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1958), АҚШ-та өткен Қазақстан күндеріне (1981) қатысты. Халықаралық вокалистер сайысының (Бухарест, 1953), КСРО мемлекеттік сыйлығының (1977), «Тарлан» (2000) сыйлығының лауреаты.
    VII-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, VII-XI шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КПСС-тің XXIV, XXVII, Қазақстан Компартиясының XIV-XIX съездерінің делегаты. Ленин және КСРО мен Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның мүшесі. 1988 жылдан Қазақстан Республикасы музыка қайраткерлері Одағы Басқармасының төрағасы және Халықаралық музыка қайраткерлері одағының президиум мүшесі (Мәскеу).
   КСРО-ның: 2 мәрте «Ленин», «Қазан Революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, ҚР-ның «Отан» орденімен марапатталған. Петропавл қаласының «Құрметті азаматы» (1990). 2014 жылы Алматыдағы Богенбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Ермек Серкебаев  тұрған үйде ескерткіш-тақта орнатылған.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан Ермек Серкебаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование