KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060400
2019 жылы:  125935
бүгiн:  219
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2016

   2016 жылғы  28 маусым – 1 шілде  аралығында  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары еліміздің  кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Павлодар облыстарына іс-сапармен барып қайтты.

   Ұлттық  кітапхана  қызметкерлері  облыс кітапханаларының  қызметі мен қазіргі жағдайымен танысып,  тек облыстық қана емес, аудан, ауыл кітапханаларының мамандарына кітапхана ісінің өзекті мәселелері, басымдық бағыттары бойынша әдістемелік кеңестер берді, іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Кітапханашыларға  Ұлттық кітапханада  2015 жылы пайдалануға енгізілген жаңа веб-РАБИС бағдарламасы, оның артықшылықтары мен ерекшеліктері, модульдері таныстырылды. Электронды каталогтарды жасау, библиографиялық дерекқорларды қалыптастыру үдерістері көрсетілді. Құжаттарды ғылыми өңдеу және дерекқорларға енгізілетін материалдарды іріктеу үрдісі туралы тәжірибелерімен бөлісті.
   Сонымен қатар,  Қазақстандық корпоративтік  каталогтау орталығының дерекқорына библиографиялық жазбаларды енгізу және қолдану туралы, қормен жұмыс, кітап қорын толықтырудың негізгі бағыттары, құжаттарды есепке алу, құжаттарды сақтау, т.б. мәселелер жөнінде толықтай ақпарат берілді. 
  Әдістемелік көмек барысында  кітапханашы мамандар өзара жүздесіп, пікір алмасуға, көптеген  толғандырған көкейкесті сұрақтарды талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай шаралардың мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге және жетілдіруге ықпал ететіндігі сөзсіз. 

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование