KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886264
2019 жылы:  19979
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.07.2016

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» төсбелгісінің иегері Хабиба Елебекованың 100 жылдығына арналған «Қазақ театр өнерінің дүлділі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Елебекова Хабиба 1916 ж. 16 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Томар ауылында дүниеге келген. 1934-1935 жж. Қарқаралы халық театрында қызмет атқарған. 1935-1937 жж. М.Әуезов атындағы драма театрының жанындағы студияны бітірген. 1935 жылдан бері М. Әуезов атындағы драма театрында қызмет атқарды. Ол ұлттық театрдың іргетасын қалаған әртістердің буынына жатады. Белгілі актриса алғашқы рөлін 1935 жылы   қазақтың алғашқы кәсіби театр режиссері Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» тарихи драмасындағы Қаракөз рөлінен бастады. Өзінің шығармашылық өмірінде жарқын күрделі әрі мықты рөлдерді сомдады. Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыландысында» Күнікей, «Абайында»  Ұлжан, Б.Майлиннің «Майданында» Мамық, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Мақпал, Ш. Құсайыновтың «Марабайында» Мәрияш, «Амангелдіде» Ақжан, Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» Айғаным, А. Тасымбеков пен Қ. Ысқақтың «Кебенек киген аруларында» Тұтқын, А. Сүлейменовтің «Жетінші палатасында» Кемпір, Иран-Ғайыптың» «Естай-Қорланында» Айнаш т.б. Әлемдік драматургияда: Г. Лорканың «Бернарда Альбаның үйінде» Понсия, А.Островскийдің «Найзағайында» Кезбе әйел, «Таланттар мен табынушыларында» Д. Андреевна, Гогольдің «Ревизорында» Пошлепкина, И.Куприяновтың «Ветнам жұлдызында» Тхань, М. Метерлинктің «Соқырларында» Соқыр т. б.
   Хабиба Елебекова бірқатар көркем және деректі фильмдерге түсті. Олардың ішінде әйгілі режиссер С. Қожықовтың «Егер біздің әрқайсымыз...» (1961), сондай-ақ, актриса түскен соңғы фильм Д. Жолжақсыновтың «Біржан салын» (2009) атауға болады.
   Хабиба Елебекова өзінің өмірдегі және өнердегі серігі Ж. Елебеков жайлы және ХХ ғасырдағы қазақ өнері туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981) кітабын жазды, бұл еңбегі толықтырылып «Ән-аманат» (1984) «Қайран, Жүсекем!» (1998) деген атаулармен қайта басылды.

   Актриса ұлттық өнер тарихына айтарлықтай үлес қосты. Хабиба Елебекованың арқасында көптеген әндер бүгінгі күнге өз түпнұсқасында жетті. Хабиба апа көптеген әндерді, аңыздарды жатқа білетін. Таңқаларлығы, ол М. Жұмабаевтың барлық өлендерін жатқа оқитын. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі (1976), ҚР Мәдениет министрлігінің «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» төсбелгісімен марапатталды (2012).

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар, ноталар және мерзімдік басылымдар қорынан Хабиба Елебекованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование