KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886256
2019 жылы:  19971
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.07.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында авиация генерал-майоры, ҚР тұңғыш ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойына орай «Тұңғыш қазақ ғарышкері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 1 май ауылында дүниеге келді. 1965 ж. Теміртау қаласындағы Жұмысшы жастар орта мектебін бітірді. 1969 ж.
Армавир жоғарғы әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 1976 ж. сынаушы-ұшқыш мектебін, 1979 ж. Мәскеу авиациялық институтын бітірді. 1991 ж. Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау Орталығында әзірлігін бастады.
   1969-1975 жж. Т. Әубәкіров Қызыл ту орденді Қиыр шығыстық әскери аймақта түрлі офицерлік қызметтерден өтті, 1976-1992 жж. А.И. Микоян атындағы Мәскеу машина жасау зауытында сынаушы ұшқыш болды. 1991 ж. 13 қыркүйекте ұшуға тікелей және жалпығарыштық дайындықтан кейін ведомствоаралық біліктілік комиссиясының шешімімен Т. Әубәкіровке  «сынаушы ғарышкер» біліктілігі берілді.
   1992-1993 жж. Т. Әубәкіров ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары, 1993 ж. – ҚР ғылым және жаңа технологиялар министрінің орынбасары, 1993-1994 жж. -  ҚР  Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаты, 1994-1995 жж. ҚР Жоғарғы Кеңесі қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігі комитетінің төрағасы, 1996-1997 жж. ҚР Президентінің  қорғаныс көмекшісі және кеңесшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, ҚР Жоғарғы кеңесі 12-13 шақырылым депутаты, ҚР Парламенті мәжілісінің 3-шақырылым депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитет мүшесі (2004).
   Т. Әубәкіров КСРО-да бірінші болып Солтүстік полюске жерге қонбастан ұшып өтті. 1989 жылы 1 қарашада авиатасушы «Тбилиси» крейсерінің алаңқайшасына МиГ-29 реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. 1991 жылы  2-10 қазан аралығында экспедицияның сынаушы ұшқышы ретінде «Мир» орбиталық кораблімен қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа ұшты. Ол А. Волков және аустриялық ғарышкер Франц Фибекпен «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен аттанды. Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секундты құрады.
   Т. Әубәкіров «Светотехническая система посадки на авианесущих кораблях. Методика подготовки летного состава» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация; «Спутные следы и их воздействие на летательные аппараты: математическое моделирование» (1998) атты докторлық диссертациясын қорғады. «Нелинейная теория крыла и ее приложения» (1997), «Спутниковые следы и их воздействие на летательные аппараты» (1998) кітаптарының авторы.
   «Құрмет белгісі» (1981), «Ленин» (1988), Аустрия Республикасының «Золотой крест» (1988, 1992), «Қазан төңкерісі» (1991), «Отан» (1995) ордендерімен, «За заслуги в освоении космоса» (2011) медалімен марапатталды. «Кеңес одағының батыры» (1988), «КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш» (1990), «КСРО ғарышкер ұшқышы» (1991)  және «Халық қаһарманы» (1995),  «ҚР-ның еңбек  сіңген спорт шебері» атақтары берілді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан Т. Әубәкіровтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалары ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование