KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886276
2019 жылы:  19991
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.07.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан қазақстандық жазушы әрі аудармашы Иван Петрович Шуховтың 110 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Шухов Иван Петрович 1906 жылы 31 шілдеде Ақмола губерниясының Петропавловск уезі Пресновской казак станицасында (қазіргі Солтүстік Қазақстанның Жамбыл ауданы) дүниеге келген. Петропавл педагогикалық техникумынан білім алып, кейін Омбы жұмысшылар факультетін бітірген және Мәскеу Әдебиет институтында оқыған (1927).
   1928-1934 жж. «Рабочий путь» (Омбы), «Красная Башкирия» (Уфа), «Волжская коммуна» (Самара), «Советская Сибирь» (Новосибирск), «Сельскохозяйственный работник»  (Москва) газеттерінде әдеби қызметкер, 1934-1937 жж. Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауданында «Ударник» газетінің редакторы, 1967-1974 жж. «Литературный Казахстан» жыр жинағының (қазіргі «Простор») бас редакторы болды.
   И.П.Шуховтың журналистік сапарлар кезіндегі жинақталған өмірлік тәжірибесі «Қасірет белдеуі», «Өшпенділік» атты алғашқы екі шығармасында көрсетілген. «Қасірет белдеуі» романы сібір казактарының өмірін, революцияға келу жолын, орыс казактарының, сондай-ақ казак ауылының тапқа жіктелуін суреттеуге арналған. «Өшпенділік» романы жер аударылып келгендердің тағдыры, жерсіз, Қазақстаннан өздерінің екінші отанын тапқандар туралы жазылған. Жас жазушының осы екі шығармасына танымал орыс жазушысы М.Горький жоғары баға берген.
   Автор өзінің шығармаларында Солтүстік Қазақстанның қайталанбайтын сұлу жерлерін өлең жолдарымен суреттейді. 1931 жылы «Қазақстан желінде», «Қара шеңбер» (1932) әңгімелерінің, «Беглый огонь» (1939) пьесасының топтамасы шығады. Соғыстан кейінгі жылдары «Алтын алқап» (1957),  «Американың күндері мен түндері» (1960),  «Югославия күнделігі» (1963),  «Туған ел және жат жер» (1968),  «Қоңырау» (1970),  «Қотыр –Тағаның соңғы әні», «Көмескі ой», «Қыздың бұрымы туралы әңгіме» новеллалары және т.б. жарық көреді.          
   И.Шухов шығармашылық және журналистика саласымен қатар, көркем аударма саласында жемісті еңбек етті. Қазақтың белгілі жазушылары: М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, А.Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. Жазушының көптеген шығармалары ТМД елдерінің тілдеріне аударылды.
   Жазушы, журналист, аудармашы И.П.Шухов өзінің сүйікті өлкесінің әдебиеті, мәдениеті мен публицистикасының дамуына үлкен үлес қосты. Оның шығармалары Қазақстанның орыс әдебиеті тарихында белгілі із қалдырды. И.П.Шухов 1977 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
   Халықтар достығы орденімен (1976), Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдармен марапатталды. 1977 жылы И.П.Шуховқа, қайтыс боларының алдында, «Пресновские страницы» атты шығармасы үшін Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған И.П.Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері және журнал беттеріне жарияланған мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование